Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Облыстық қоғамдық кеңес отырысы өтті


31 мая 2021, 06:29 | 930 просмотров



Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Тойбаев төрағалығымен ағымдағы жылдың 25 мамыр күні облыстық қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өтті, - деп хабарлайды облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіт, коғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары қатысып, күн тәртібінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының короновирус инфекциясының алдын алу шаралары мен отандық вакцинаны жаппай егу туралы және 2020 жылға арналған қаржы басқармасының облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін тыңдалды.

Қаралған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен басқарма басшыларының атқарған жұмыстарына өз бағаларын беріп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ниязбеков өз сөзінде «Қауіпті індеттің алдын-алу және қорғану - ол вакцинациялау.  Бұл бойынша облысымызда коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.  Бүгінгі күні вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер (автомұздатқыштар) бар, вакцинаны тасымалдау үшін 84 белсенді термоконтейнер жеткізілуі күтілуде. Облысқа вакцинаның I компоненті 196 850 доза және II компоненті 119 850 доза жеткізілді. Бүгінгі күнге барлығы 192 175 адам I компонентпен егілді, II компонентпенпен вакцинацияны 95 113 адам аяқтады, 17.05.2021 жылға вакцинаның I компонентінен 5 380 доза, екінші компонентінен 24 725 доза қалды» - деп атап өтті.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қарар қабылданып, берілген ұсыныстар бойынша тиісті басқарма басшыларына жолданып, екінші сұрақ бойынша облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қанағаттанарлық деген баға берілді.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі