Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АБАЙДЫҢ КАРА СӨЗДЕРІ


11 марта 2011, 07:54 | 5 479 просмотров



Сабақтың мақсаты: Білімділік. Қара сөздерді мәнерлеп оқу, қара сөздерден нақыл сөздерді танып - білу, нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Дамытушылық. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік корын молайту, ойлау, көру, сезіну, кабылдау кабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні. Жақсы мен жаман әдететтерді ажырата білуге, өздігімен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап ізденушілік.

Формасы: Жеке, топтық, ұжымдық.

Көрнекілік: Абайдың суреті, тірек - сызба, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, интерактивті тақта.

(Техникалық құрал) Магнитофон (Абайдың сөзі)

I.Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін «Қыс» туралы бір шумақ өлеңін оқыдым) Авторы кім?

II.Жаңа сабақ.

Кіріспе білім. Оқушылар: Абай Құнанбаев деп жауап береді.

- Абай туралы не білеміз?

Оқушылардың ойы.

Жазғытұрым

Жаңа тарау. Әдептілік ар -ұят - адамдықтың белгісі. Оқушылар көрініс көрсетеді.

Оқушы: Ассалаумағалейкум, ата!

Оқушы: Сәлеметсіз бе, ата!

Атасы: Армысыңдар, балаларым. Өркендерің өссін! «Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергенің» дегендей, сәлемдесуді ұмытпағандарың мені қуантады.

Бұл жолғы айтар әңгімем де адамдық, инабаттылық , ізеттілік жайында. Құлақ салыңдар, қарақтарым!

Мұғалім: Қазақтың ұлы акыны, данышпан ойшылы, Абай Құнанбаевтың қара сөзінен жаңа тарау басталды.

«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез тағы жат надардың белгісі» дегендей.

1.Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен: Қара сөзінде адам баласын

қор қылатын үш нәрсе бар. Ол: надандық, екінші еріншек, үшінші

залымдық.

А) Абайдың қара сөзін магнитофоннан тыңдату.

Ә) Үш топтан үш оқушы мәнерлеп оқиды.

Б) Қара сөздегі нақыл сөздерді танып, жазып алды.

Надандық - ғылым - білімнің жоқтығы. Залымдық - адам баласының дұшпаны Білімсіздік - хайуандық.

2.Үш топ түгел қара сөзді оқиды.

1- топ. Еріншектік туралы мақал - мәтелді айтты.

2- топ. Надандық пен залымдық туралы мақал - мәтелді айтты.

3- топ. Білімді, білімсіз адам туралы мақал – мәтелдер айтты.

Білімді мыңды жығады.

Білекті бірді жығады.

Оқыған озады,

Оқымаған тозады.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. т.б.

Тірек сызбалар арқылы оқушылар өз ойларын айтты.

Адам туралы нақыл сөздер айтты.

Оқушыларды бағалау.

Үйге: Абайдың қара сөзін оқу. Шығарма жазуға дайындық жасау.

Автор:
К.А.ЕДИЛЬХАНОВА, Талдықорған қаласы № 16 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі