Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Microsoft коммерциялық емес ұйымдарға қолдау көрсетуді жалғастыруда


2 июня 2021, 05:45 | 1 438 просмотров


Microsoft компаниясы соңғы жылда Қазақстандағы 1 коммерциялық емес ұйымға қолдау жасады. Microsoft компаниясы әлемдік қауымдастықтың барынша маңызды мәселелерін шешу жолында қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдарға өзекті, қолжетімді және инновациялық шешімдер ұсынуға талпынады. Tech for Social Impact бастамасы көлеміне қарамастан, коммерциялық емес ұйымдарды қолда бар технологиялармен және құралдармен қамтамасыз ету үшін құрылған, ол осы ұйымдардың мақсаттарын орындауға атсалысуға бағытталған. Бұл мақсатқа жету үшін квалификацияланған коммерциялық емес ұйымдарға Microsoft-тың құралдары мен қызметтеріне қайырымдылық пен жеңілдік жасау ұсынылады.  Одан бөлек, Қазақстандағы коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар Azure, Dynamics 365 және Microsoft 365 сияқты компаниялардың жадтық шешімдерін пайдалана алады.

Tech for Social Impact бастамасы аясындағы Microsoft-тың қолжетімді құралдары коммерциялық емес ұйымдарға олардың қажеттіліктеріне бейімделген мықты қызметтерге жол аша отырып, жылдамырақ әрі қарапайым жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Office 365 көмегімен қашықтықтан жұмыс істейтін ұйымға арналған құралдар кеңінен танымал болып отыр.  Одан өзге, Power BI Desktop және Power BI Pro көмегімен ұйымдар мәліметтерді оңай визуализациялай және сараптай алады, ал барлық жұмыс процестерін жадтық шешімдермен оңтайландыруға болады.

Коммерциялық емес ұйымдарға толық ұсынысты мына сілтеме бойынша көруге болады: Microsoft Nonprofits.

Қайырымдылық бағдарламасы Microsoft-тың үкіметтік емес секторға көмек көрсету бойынша шамамен қырық жылдық дәстүрін жалғастырып жатыр. Соңғы жылдың өзінде компания ақшалай қаражат беру, бағдарламалық және қызметтік қамтамасыз ету бойынша әлемнің 140-тан астам елінде 56 365 коммерциялық емес ұйымға 234 миллион АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Өткен жылы Қазақстандағы 11 үкіметтік емес ұйымға бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі қайырымдылық көрсетудің жалпы сомасы 68 932  АҚШ долларын құрады. 

Tech for Social Impact бағдарламасына қызығушылық танытқан барлық коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар Nonprofit offers (microsoft.com) веб-сайтынан сәйкес нұсқаларды таңдай алады.

Жерге арналған жасанды интеллект – ауыл шаруашылығы саласын жақсарту, суларды қорғау, жоғалып бара жатқан түрлер мен климаттың өзгеру салдарын азайту бағытындағы мәселелерді шешуге арналған қайырымдылық

Жаһандық экологиялық мәселелермен айналысатын үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдарға жадтық шешімдер мен Microsoft-тың AI for Earth бағдарламасы аясындағы жасанды интеллект технологиялары қолжетімді. Бағдарлама құрамында жасанды интеллект технологиялары қатысатын және Жер планетасындағы табиғи жүйелерді бақылау, модельдеу және басқаруға бағытталған жобаларды қолдауға арналған гранттар ұсынады. AI for Earth Microsoft-тың AI for Good бағдарламасына кіреді, ол гуманитарлық күйзелістер, денсаулық сақтау, ресурстардың қолжетімділігі, мәдени мұраны сақтау жолындағы тұрақты даму сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатын ұйымдарды қолдау үшін технологиялар, ресурстар мен білімдер ұсынады.

Microsoft AI for Earth бағдарламасы сенімді болашақты қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып табылатын негізгі төрт саланы көздейді:

  • Ауыл шаруашылығы – өскелең халыққа азық-түліктің көзі
  • Су – су ресурстарын сақтау және қорғау
  • Биоалуандық – жануарлардың жойылу алдындағы түрлерін қорғау мен олардың жойылып кетуінің алдын алу
  • Климаттың өзгеруі – климат өзгеруінің қоғамға әсерін азайту.

Адамзат барған сайын климаттың өзгеруі, саны өсіп жатқан халықты сумен және азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету және биоалуандықтың жылдам қысқаруы сияқты күрделі мәселелерге тап болуын ескерсек, бұл мәселелердің шешімін табу өте қиын. Табиғат әлемінің функциясын түсіну ақпараттың жетіспеушілігімен күрделеніп отыр, дұрыс ақпарат табиғи жүйелерді барынша тиімді басқаруға қажетті негізгі қадамдарды анықтауға көмектесер еді.     

AI for Earth бағдарламасы Azure есептеу ортасы түрінде қайырымдылық ұсынады. Бұл қайырымдылық түрлері жаһандық экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарға Azure-ні сатып алу үшін жобаның көлеміне қарай 5 000, 10 000 немесе 15 000 АҚШ доллары көлемінде несиелер береді.

Мұндай коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар өз жобалары бойынша мына веб-сайтта өтініш бере алады: AI for Earth Azure Compute Credit Grant Applications.

Автор:
Microsoft Қазақстан баспасөз қызметі