Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тәрбие бастауы - әдептілік


11 марта 2011, 07:46 | 2 950 просмотров



Мақсаты:

1.Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке үйрете отырып, жаман әдеттен аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту

3. Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу

Балалар дөңгелене отырып бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Тәрбиеші: Біз балалар бір-бірімізге жақсы тілектер айтып жатырмыз. Бұл тілектерді бекер айтып жатқан жоқпыз. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік –тәрбие бастауы». Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?

Қандай баланы «жаман» бала дейміз? (салақ, әдепсіз, білімсіз) (көпшіл, еңбекқор, қайырымды)

Міне, көптеген жақсы-жаман қасиетті дәл тауып айтып жатырсыңдар. Жақсы қасиеттерді не істеуіміз керек? Үйренуіміз керек.

Ал, жаман қылықтардан ше? Жиреніп аулақ болғанымыз қажет. Енді осы ойымызды қорытындылау үшін әдеби монтажымызды бастайық.

1 бала: Жақсымын деп мақтанба

Халық айтпай.

Батырмын деп баптанба

Барып қайтпай.

2 бала Жаманның дәмесі зор, сөзі қотыр

Көкірегі –қараңғы көр, көзі соқыр.

3 бала Салақ болсаң жасыңнан

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан

Сабын қалмас қасыңңан

4 бала Жақсы бала, ол анық

Істемейді шалалық

Тап-таза боп жуынып

Алады өзі таранып

5 бала: Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Тәрбиешімді сыйлаймын

6 бала: Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.

7 бала: Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні

Сақтап көше тәртібін

Бағдар шамның ал тілін

Әдет қыл бұл ісінді

Тазалап жүр тісіңді

8 бала: Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шатанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеніз

Тәлеуің, өмірің алдында

Оған қайғы жесеңіз

Өссек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек бекер, мал шашпақ

Бес дұшпаныі білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көңсеніз.............

Маша сендерге қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың Адам болам десеңіз өлеңін оқыды. Ұлы ақын өз өлеңінде жастарды өнер білімге шақырды, адал еңбек етуге үйретеді, жақсылыққа тәрбиелейді, жамандықты сыңайды.

Адам жақсы болып өсу үшін бес нәрсеге ғашық болуы керек Ол-талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымшыл болуы керек екенін, ал адамның бес дұшпаны өтірік, мақтаншақ, еріншек екенін яғни бұл өлеңде жақсылық пен жамандық туралы айтылады.

Ал, енді балалар ойын арқылы адамның жақсы қасиеттері мен жаман қылықтарын табайық:

Балалар, мінеки жаңағы өлеңде оқылған жақсы мен жаманның не екенін біліп екі топқа бөлдік. Бүгінгі тақырыпқа байланысты жақсылық пен жамандықты мақал-мәтелдерден де үйреуге болады. Енді тақтаға көңіл бөлейік:

1 мақал: «Жақсы бала жеткізеді мұратқа

Жаман бала қалдырады ұятқа

2 мақал: «Жақсы болсаң, жақын көп»

3 мақал «Жақсыдан қашпа

«Жаманнан баспа»

4 мақал: Мақтаншақ кісі-өзімшіл, менмен кісі,

Менмендік,тәкаппарлық, адамның міні тәрбиенің жоқтығы

5 мақал: Еріншектің ертеңі бітпес

Тәрбиешінің сөзі: Демек, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен, Міне осындағы ақылдылықты, адалдықты, инаббатылықты үйренеміз, бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болудан тырысады.

Балалар «Жалғастыр» ойының ойнаймыз.

Не істеуге болмайды? (үлкен етіп жазылады)

1.Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды.

2.Қыз баланы ренжітуге болмайды

3.Құстарды атуға болмайды

4.Сабақтан кешуге болмайды

5.Сыныпта айқайлауға болмайды.

Не істеу керек?

1.Үлкендерді сыйлау керек

2. Үлкеннің тілің алу керек

3. Кішілерге қамқор болу керек

4. Оқу құралдарын кұтіп, таза ұстау керек

5. Сабақты жақсы оқу керек

Қорытынды: Балалар! Ойымызды қорытындылау үшін мына тақтаға назар аударайық. Мында ағашпен баланың суреті бейнеленген. Ағаш өсіп, үлкен-мәуелі, әдемі болып өсу үшін ағашқа не қажет деп ойлайсындар (күн, күтім, ауа, су, қамқор, құнарлы топырақ). Ал адамның жақсы болып өсуі үшін не қажет? (тәрбие, ақылдылық, білім, ұшқыр ой, еңбек, талап, имандылық, адалдық, тазалық, денсаулық, қарапайымдылық, елжандылық, мәдинеттілік, ) рақымшылдық).

Ағаш пен адамды мәпелеп өсіретін-адам. Ағашты күтіп-баптап өздерін өсірсеңдер, ал сендердің жақсы адам болып өсулерін үшін қаншама адам сендер үшін еңбек етеді: тәрбиеші-тәрбиелейді, мұғалім-білім береді, дәрігерлер-денсаулықтарында бақылайды, жақсы тамақтануларын үшін-аспаздар еңбек етеді. Барлығы да сендерді жақсы адам болып өссе екен деп тілейді. Ал сендердің жақсы болып өсулерің өздеріңнің қолдарында. Ал біз сендердің тілеулеріңді тілейміз. Әрқашан адал, шыншыл, кішіпейіл, ақылды, инабатты бола отырып, жаман -жақсы қасиеттерді бір-бірінен ажырата білейік. Бір-бірімізге мейірімді, қайырымды болайық.

«Твори добро» әнімен аяқтаймыз.

Автор:
Қ.Қ.КЕШИЛБАЕВА, Үштөбе балалар үйінің тәрбиешісі