Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


11 марта 2011, 07:45 | 12 507 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интер/к,тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп,слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.

2.Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін. («Алғырлар» тобы, «Білгірлер» тобы)

Топты таныстыру

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)

«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген күн сәулесі.»

Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық.

Арайлап нұрлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырап әсем табиғат,

Желекке бөлеп аймақты.

Оқушылар қандай көрініс көріп тұрық.? Әсем табиғаттың.

3. Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.

Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады.Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қыздырынып болған соң,анасы оларды тамақтануға шақырады.Тамақтан-ған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді.Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге,лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:

-Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз- деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған,ластанған.Соны тазалау үшін ,өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет.

Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.

«Алғырлар» 1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз

2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы

3.Ондықтан құралған сан. Қырық

«Білгірлер» 1.Бір таңбалы сан Бір

2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш

Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.

Жолдау.

Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Қазақстан ауасы

таза, суы-мөлдір,жасыл желекке айналуы тиіс»,-деген болатын.

-Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса

қоса аламыз?

-Қоқыстан тазалаймыз,ағаш отырғызамыз,гүл егеміз.

Ендеше ,балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу,гүлдер егіп,даламызды жасыл желекке айналдыру-болашақ ұрпақ сендерге байланысты.

Сондықтан өз үлесімізді қосайық..

4. «Ағаш отырғызамыз»

Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ,ол дұрыс өспей қалады.Ад сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың , тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.

2-ағаш тапсырмасы:

«Математикалық бейнелі сөз» шешу

Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық ,Етік, Р (Метр)

Сергіту сәті: Жапырақтары жайқалып,

Биік ағаш өседі.

Самал желмен тербеліп,

Бұлттар жылжып көшеді.

-Тағы қандай үлес қосамыз.

- Гүл егеміз.

-Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Оны баптап күту қажет.

2 –құс «Кептер» тапсырмасы.

Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .

Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.

6.Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»

Көлден ұшты 50 қаз, 6 аламаның 2-уін

Қайтып қонды 20 қаз Досың сұрап алады.

Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі

Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Өз қолыңда қалады. 4)

Қызықты тапсырмалар.

1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада

неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?

-Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын

аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып,табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап

«Жас математик»номинациясын беріп , ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғы с хатпен» мадақтап марапатталады.

Жикеева Баян Оспанбайқызы

Туған жылы: 06.09.1974ж.

Білімі: Жоғары, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

Еңбек өтілі: 14 жыл

Санаты: І

Автор:
Б.О.ЖИКЕЕВА, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі, бастауыш сынып мұғалімі.