Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери қызметшілер Халық Қаһарманымен кездесті


4 июня 2021, 07:57 | 1 043 просмотра



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, Ауған соғысының ардагері, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев іссапар барысында Сарыөзек гарнизонына тоқталып, ондағы әскери бөлімдердің жеке құрамымен кездесу өткізді және олардың қызмет жағдайымен танысты.

Аталған шараға Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев, Сарыөзек гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ембергенов және әскери бөлімдерінің командирлері мен жеке құрамы қатысты.

-Бүгінгі таңда мемлекет әскери қызметшілерге толық көлемде әлеуметтік көмек көрсетуді қолға алып отыр, - деді жеке құрам алдында сөз сөйлеген Бақытжан Ертаев.

Сондай-ақ, кездесу барысында ол офицерлер мен сержанттарға тоқталып, сарбаздарға өздеріңнің іні-бауыр ретінде көзқараспен қарау керектігін, ал сарбаздарға командирлер мен сержанттарды ағаларыңдай жақсы көру керек деп ұлағатты сөздерін жеткізіп, әскери қызметі кезіндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында әскери бөлімдердің жеке құрамы трибунаның алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Айта кету керек, Бақытжан Ертаев осы Сарыөзек өңірінде 1992-1996 жылдары аралығында мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары және дивизия командирі лауазымдарын атқарған болатын.

Шара санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізілді.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор