Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери қызметшілермен жемқорлыққа қарсы жиын өтті


9 июня 2021, 09:38 | 373 просмотра



Сарыөзек гарнизонында әскери бөлімдердің жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өтті.

Іс-шара барысында әскери полиция өкілдері Қарулы Күштер қатарында қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер жайлы ақпараттарды қатысушыларға жеткізе отыра, ондай әрекеттерге жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттар айтылып, оның жауапкершіліктері де жан-жақты түсіндірілді.

-Әр әскери қызметші өзінің құқықтарын толықтай білуі керек.  Сондықтан заңды, құқықтық жауапкершіліктерді жеке құрамға түсіндіру жұмысы маңызды болып табылады, - деп түсіндірді Әскери полиция бөлімінің аға офицері әділет аға лейтенанты Ерсайын Қасенов.

Сондай-ақ, отырысқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Ауған соғысының ардагері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев және бөлімнің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында біршама тапсырмалар талқыланды.

Айта кетейік, өткізілген жиын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор