Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Іле ауданы мәслихаты аппараты, депутаттарымен кездесу


11 июня 2021, 05:17 | 168 просмотров



Іле - өңірдегі ең үлкен және кәсіпорындар шоғырланған ірі аудан болып табылады. Осы орайда, 2 маусым күні облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаев аудандық мәслихатының аппараты мен депутаттарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Жиын барысында Жанболат Әкебайұлы облысымыздың соңғы 5 айдағы жетістіктерімен алдағы міндеттері жайында ақпарат беріп, іске асырылатын жобалар жайын атап өтті.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және депутаттардың бұл бағыттағы жұмыстары, өңірдің даму бағдарламасының іске асуын бақылау, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясындағы нысандардың сапалы жүргізілуге депутаттық бақылау, мәслихат аппаратының жұмысының жүйелі болуы сияқты мәселелерді көтеріп өтті. Сонымен қатар, аудан депутаттарымен жеке-жеке танысып, жаңадан қабылданған заңдарды түсіндірді.

Ауданда 24 депутат сайланған. Кездесуде депутаттармен пікір алмасып, қойылған сауалдарына жауап берді.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі