Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жас жүрек жайып саусағын...»


11 марта 2011, 07:26 | 2 258 просмотров



Байдильданова Бахыт Жақанқызы 1965 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылында дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірген. Білімі жоғары. Білім саласында еңбек өтілі 25 жыл. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Талдықорған қаласының №2 орта мектебінің 4 «А» сынып мұғалімі.

1.Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, дарындылығын дамыту біздің басты міндетіміз.

2.Жас ұрпақтың келешегін оның отбасының материалдық тұрмысы емес, қабілеті, талабы, ерік – күші айқындауы керек.

3.Оқушының болашағы, оның білімді, ізденімпаз болып өсуі, оның келешектегі мамандығы, яғни кәсіби тағдыры, тек қана білімді, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімге байланысты.

4.Менің сыныбымдағы 31 оқушының бәрі де, дарынды десем артық болмас. Олар өлең шығару, ән салу, спортпен айналысқанды жақсы көретін – талантты, ізденімпаз оқушылар.

5.Ғалым – ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлеу ауызбен сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман» деп айтқан сөзі қазіргі уақыт талабын дөп басып отыр. Осы сөздің дәлелі ретінде, төмендегі оқушылардың шығармашылық жұмыстарын Сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім.

Жиырма бесте Соғыс атты от кешкен,

Жараланып, жас денесін оқ тескен.

Туған елін, артта қалған ұрпағын,

Қорғаймын деп, ер парызын өтеген.

Жеңіс Күнін атам менің әперген,

Немересін құлыным деп көтерген.

Әруағын риза болып жүрсін деп,

Талпынумен, белестерге жетемін мен!

Қалибаева Аида, 4 «А» сынып оқушысы

Қысқы аяз

Қысқы аяз келіпті

Күн суытты далада

Қырау болды терезе

Салды өрнегін аяз да.

Балалардың барлығы

Шықты ойнауға, ақ қарға.

Мен де жылы киініп

Ойнап жүрмін суықта.

Жердің бәрі ақ мамық,

Тон жамылып алғандай.

Балалардың барлығы

Қар атысып ойнайды-ай!

Сейітқазинов Мейіржан 4 «А» сынып оқушысы

Бағдаршам

Қызыл, сары, жасыл шам

Қарсы алдымда тұр жанып.

Тезірек жүр уақыт жоқ

Тұратұғын ырғалып

Арман, Бекжан, Ерасыл

Бөгелмейін босқа тұр.

Жасыл жанып тұрғанда

Айнур, Мөлдір шапшаң жүр.

Ережесін жол жүру

Бізге үйретті мұғалім

Жолдан өтсем әрқашан

Еске сақтап тұрамын.

Ұстаздарға мың алғыс

Қамқор ежен аңғарсам.

Алған білім мектептен

Болашаққа бағдаршам.

Абдулла Таңжарық, 4 «А» сынып оқушысы.