Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери бөлім күні аталып өтті


14 июня 2021, 08:42 | 1 161 просмотр



Сарыөзек гарнизонында шабуылдау артиллериялық бригадасының құрылғанына 78 жыл толуына орай ауқымды іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері отставкадағы аға прапорщик Биахмет Саудабаев, Сарыөзек гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ембергенов, бөлім командирі полковник Ерлан Әлиқұлов пен жеке құрам  қатысты.

Аталған шабуылдау артиллериялық бригадасының тарихы өте бай. Бөлім 1943 жылы 10 маусымда Калинин облысындағы Лукошино станциясында құрылды. Содан кейін 136 атқыштар дивизиясының құрамына кіріп, нөмірі 343 артиллерия полкі болған.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жаңғырту шараларының негізінде бөлім Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері және артиллерия қолбасшысы басқармасының құрамына кіріп, шабуылдау артиллериялық бригадасы аталды.

Шара басында бөлімнің жетпіс жылдығына арнап тұрғызылған ескерткіш тасына, гүл шоқтары қойылды. Бөлімнің саптық алаңында әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, Мемлекеттік туы көтерілді.

Сонымен қатар, іс-шара қонақтары сөз сөйлеп, бөлімнің жеке құрамын айтулы мерекелерімен құттықтады.

Бұдан басқа мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындықта үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

Айта кетейік, өткізілген жиын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ұйымдастырылды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор