Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қош келдің, Әз Наурыз!


18 марта 2011, 08:00 | 2 277 просмотров



Наурыз–ықылым заманнан бері тойланып келе жатқан молшылық пен берекенің бастауы болған төл мерекеміз!

Наурыз – күнтізбедегі жаңа жылдың жаңа парағының ашылатын сәті!

Наурыз – еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қуанышқа кенеліп, ақ түйенің қарны жарылып, наурыз көжеге қарқ болып, елдің еңсесінің көтеріліп, шат-шадыман болатын күні!

Наурыз – араз болған жандардың арасын татуластыратын, дос-жаранның, туған-туыстың тату –тәтті тіршілігінің сәнін, ажарын аша түсетін, тек жақсылықтарға себеп болатын мерейлі мереке!

Наурыз – ұзақ та қытымыр қыстың қиындығынан аман-есен шыққан жандардың осы күнге жеткендері үшін Жаратқанға шүкіршілік жасап, келер күнге деген сенімдерінің арта түсіп,көңіл сарайларының кеңейіп, мар-

қайып қалатын мәнді мерекесі!

Босағадан енген Наурыз әрбір

шаңыраққа шат-шадыман қуанышты, мәз-мейрам мерекені, берекені, бақ пен құт дарыған, табысқа толы жаңалықтар мен жақсылықтарды ала келсін!

Лайым әрбір адам жүрек түкпірінде сақтаған арманына қол жеткізіп, Наурыздың жаңа лебі үміт желкендерін үрлеп, арманның кемесі ақиқаттың ауылына ат басын тіресін, ағайын!

Жылдан жылға, ғасырдан ғасырға, асудан

асуға, Наурыздан Наурызға еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!