Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АГРЕССИЯЛЫҚ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


18 марта 2011, 07:58 | 5 996 просмотров


«Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады»

Жүсіпбек Аймауытов

Бүгінгі таңдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай күнсайын күшейе түскен мұндай қолайсыз факторлар жеткіншектердің қылмыстық жолға түсуіне де үлкен септігін тигізуде.

Ежелден белгілі қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушылар-

ға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп жатады.

Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою табалы психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ.

Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір оранда тыныш отыра алмайды, немесе тақтаға шығып жауап беруден қорқады, не істеу керек?» деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалім қауымынан: «қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен» деген лебіздер естиміз. Бұл сұрақтарға мектеп мұғалімі, психолог, дәрігер, ата-ана бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере алады.

Агрессия әріне, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады.

Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекінің иісі бар бөлмедегіагрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Жеке тұлғалардың ішінде ең агрессивті болып келетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т.с.с. Бұл адамдар жүрек ауруына шалдыққандар.

Психолог-ғалымдар агрессияны бірнеше түрге, Э.Фромм екі түрлі, яғни «зиянды», «зиянсыз» деп бөлген.

Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде (қорғану мақсатында) ғана болып, артынан басылады.

Зиянды агрессия: қатігездік пен қауіпке толы болады.

Ал З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.

Ал А.Басс пен А.Дарки агрессияның төмендегі 5 түрлі түрін схема түрінде ұсынған:

Схема: Агрессияның түрлері

Бүгінгі кино, бейнетаспалардағы қатігездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығы қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.

Егер қандай да бір агрессивті қылық көресеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей ішінде сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.

Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді.

Ата-ананыңбала не айтса да көнгіштігі, шешім қабылдауда сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады.

Агрессивті балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын төмендегі схемадан көруге болады.

Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс жасалуы қажет:

1.Агрессивті балалардың өз ашу-ызасын басқаға зияны тиіп кетпейтіндей күйде төмендетуге үйрету.

2.Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, іс-әрекетіне бақылау жасап, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету.

3.Дау-дамай жағдайларында жағымды қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру.

4.Адамдарға сену, жаны ашу (эмпатия) сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Агрессиялық балаларға арналған ойын.

«Эмоциялық сөздік»

Мақсаты: баланың эмоциялық саласын дамыту.

Мазмұны:балалардың алдына әртүрлі эмоциялы жағдайлары көрсетілген карточкалар жиынтығын жайып қойылады.

Балаға төмендегі сұраққа жауап беру ұсынылады: «Карточкаларда қандай эмоциялық жағдайлар келтірілген?» Содан кейін баладан өзінің осындай жағдайларда қашан болғандығын есіне түсіруі сұралады. Ол өзін осындай күйде қалай сезінді. Сол күйге тағы да түскісі келеді ме? Осы карточкалардағы жағдайлардың тағы қайсыларында сен бола аласын? Кел соның суретін салайық. Балалардың өмірден келтірген мысалдарының барлығын да ересек адам жазып отырады. 2-3 аптадан соң осы жаттығуларды қайталауға болады, осы тұста балалардың ертеректе болған жағдайлары мен жаңадан пайда болған күйлерін салыстыруға болады. Мына сұрақтарды қоюға болады: «2-3 апта өткенше қандай жағдайлар көбірек болды: жағымды ма әлде жағымсыз ба? Ал сен, жағымды, жақсы жағдайлар көбірек болуы үшін не жасар едің?»

«Менің өте жақсы попугайым»

Мақсаты: эмпатия сезімін дамытуға себебін тигізеді, топта ойнай алуды білу.

Мазмұны: Балалар шеңбер бойында. Жүргізуші: «Балалар! Бізге қонаққа попугай ұшып келді. Ол бізбен танысып, ойнағысы келіп отыр. Қалай ойлайсыздар, оған бізбен ұнауымызүшін және ол тағы да келуі үшін біз не істеуіміз керек?». Балалар: «Онымен мейірімді, жайлап сөйлесу керек», «Оны ойынға үйрету керек т.б.» Жүргізуші балалардың бәріне плюштен жасалған жұмсақ ойыншық попугайды өте сақтықпен ( қоян, мишка т,б.) береді. Ойыншықты алған бала, оны құшағына қысып, сипалайды, жылы-жылы сөздерді айтады, оған мейірімді ат қойып, оны басқа балаға береді.

Ойынды жай темппен өткізген жөн.

«Үштоғыз жердегі патшалықта»

Мақсаты: эмпатия сезімін қалыптастыруға, бала мен ересек адамдардың арасындағы өзара түсүнушілікке себін тигізеді.

Мазмұны: ересек адам мен бала (бала мен анасы, тәрбиеші (мұғалім) және бала т.б), қандай да бір ертегіні бірігіп оқиды, үлкен қағазға кейіпкерлерді және есте қалған оқиғаның суретін салады, содан соң ересек баладан оның қай жерде болғысы келетінін салынған суреттен көрсетуін сұрайды.

Бала өзінің «ертегіде» қайда болғысы келетіні суреттен көрсете отырып айтып береді.

Ересек адам сурет сала отырып, балаға сұрақтар қояды: «Егер ертегінің кейіпкері саған мынадай ...сұрақ қойса, онда сен не деп жауап берер едің?», «Кейіпкердің орнында сен не істеген болар едің?», «Егер ертегінің кейіпкері осы жерде болса сен не сезінер едің?»

Автор:
С.Д.РЫСБЕКОВА, № 12 орта мектеп гимназиясы Педагог-психолог