Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ


17 июня 2021, 06:36 | 1 031 просмотр



2021 жылдың 23 маусымында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс VI сессиясы (онлайн режимінде) өткізіледі

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады:

  1. Алматы облысының туризм инфрақұрылымының дамуы туралы.
  2. Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы.
  3. Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы.
  4. Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы.

5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау және осыған дейін қабылданған міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы.