18 марта 2011, 07:55 | 4 512 просмотров
Мақсаты: Ана тілінің қадір –қасиетін ұрпақ бойына дарыту.
Оқушылардың ойының дамып, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, нағыз адам болуы үшін, ана тілінде сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Ана тілін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қазақ халқының ұлы ғұламаларына арналған буклеттер, кітап – журналдар, әдеби шығармалар, музыкалық шығармалар.
Түрі: әдеби –сазды қойылым
Барысы:
Кіріспе
Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Әркім өз тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілмен сөйлесуге тырысуы керек.
Ана тілін қадір тұтпай, өз халқыңды сүйе де алмайсың.
1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
«Ана тілі – арым, иманым атты тәрбие сағатын бастаймыз.
«Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тілі –арым, иманым,
Аманат, саған, аманат!
2 – жүргізуші: Тіл –қасиетті, құдіретті , киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықтар да тіл өз ұрпағының, қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
1 – жүргізуші:
Артында аталы сөз қалдырған, қазақ руларының басын біріктіріп жоңғар – қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшілері, көмекшілері болған билер Төлеби , Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке биді ортаға шақырайық.
Көрініс көрсетіледі . Музыка ойналып тұрады.
3 – оқушы: Ежелден –ақ еліміз ірі, іргелі,
Шежіреміз, тарихымыз ілгері.
Менің тілім –Қаз дауысты Қазыбек,
Әйтеке мен Төле бидің тілдері.
1 – жүргізуші: Тілім менің!
Тіршілігім, тынысым, құным менің!
Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ,
Тіл кесілсе не болмақ, күнім менің.
2 – жүргізуші: Тілім менің!
Тұтастығым, елдігім, үйім менің!
Ел қорғаған ерлерге рух берген,
Осы тілде толғады биім менің.
1 – жүргізуші: Тілім менің!
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бұзылса, менің де бүлінгенім.
2 – жүргізуші: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Аралыммен, арыммен қатар қойды.
Тілді қорғау – парызым бүгін менің.
«Ананың тілі» әні орындалады.
1 – жүргізуші: Қазақ елінің қайта жаңғырып, маңдайы жарқырап, бағы жануы –рухани таза, адамгершілік мұралардан нәр алуында. Ата – бабалар тәлімін қастерлеп, ұлттық иірімдерінің небір шұрайлысын халықтың мұралардан іздестіруінде.
Бүгінгі ұрпақ жеті атасын, тегінің кім екенін білмегенді былай қойсын, ана тілінде сөйлеу –артта қалушылық деп ұқты-ау.
«Шала қазақ» пен «қара қазақ» айтысы.
(Домбырамен әндете айтуға болады)
«Шала қазақ» : Бейбіт елде болмаса да қатал күн,
Бейқам жүріп «шала қазақ» атандым.
Арғы тегін анық білмей атамның,
Ар намыссыз «шала қазақ» атандым.
Қара қазақ: Ұят болар, шала қазақ атанба
Жүрген жоқсың алыс елде, жапанда
Осы менің саған айтар ақылым,
Осы менің саған берер батам да.
1 – жүргізуші: Ғ.Мүсірепов «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» - деген екен.
Ендеше алаштың біртуар ақылман Абайы: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» - деп тегін айтпаған.
Кезекті ана тілі туралы айтқан ақын – жазушыларымыздың өлең жыр - шумақтарына берейік.
«Ана тілі» әні орындалады.
2 – жүргізуші: Тілі нәрсіздің ойы нәрсіз. Тіл жүректің түбіндегі ойды қайталайды. Құнды сөз құнарлы ойдан шығады демекші, халық тілі – тарих шекарасынан әлде қайда әріректен басталады.
Сондықтан күллі рухани тіршілігімізде еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі – ана тілімізді сақтайық, құрметтейік.
1 – жүргізуші: «Анамыздың ақ сүтімен бойымзға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілімізді қадірлейік достар!
«Туған жер» атты әнмен аяқталады.
Қорытынды:
Шермұхан Ләззат:
Туған жылы: 21.06.1961 жыл
Білімі: Жоғарғы, Абай атындағы Қаз Пи, 1986 ж бітірген
Мамандығы: Тарих пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 31 жыл
Санаты: І санатты ,
13 категория