Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮБІ АДАМ БОЛАТЫН БАЛА. Б. СОҚПАҚБАЕВ. «МЕНІҢ АТЫМ–ҚОЖА»


18 марта 2011, 07:54 | 14 752 просмотра



Мақсаты: а/ повест идеясын түсіндіру? Жантаспен салыстыра отырып Қожа бейнесін талдау. ә/ Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып ой қортқызу. б/ Жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау

Міндеттері: Білімділік- повесть бойынша оқушы ойын тиянақтау. Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарасын жүйелі айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Қарсылыққа құрметпен қарап, қоршаған адамдарға сыйластық көзқарасын қалыптастыру, ұстамды және сөзге сәт беру, дау көтермей, сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдиениеттілікке тәрбилеу.

Дамыту: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерт-

тей отырып, ой қортқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой- өрісі мен дүниетанмын дамыту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Сабақ түрі: Жинақтау. Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ әдісі: Талдау, әнгімелеу,баяндау әдісі, пікірталас.

Сабаққа қолданған көрнекілік: Плакат ұяшық, үлестірме кеспе, тест жұмысы, шығармашылық жұмысы, сурет көрмесі, Қазақстан жазушылары, портрет Б.Соқпақбаев, трек сызба.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сурет

Сабақ барысы

Ұйымдастыру: Кезекшімен сұқбат, оқушы назарын сабаққа аудару, бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.

Үй жұмысы: үйге берілген тапсырманы пысықтау: «Менің атым-Қожа». Мен ойын шартымен таныстырам. Мына сызба орналасқан ұяшықта Б. Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесі бойынша сұрақтар жасырылған. Қай ұяшықты таңдау өз еркіңде

Оң жақтағы № 10. Повесть қалай басталатын еді?

1.Сол жақтағы №10 Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіретін еді?

2.Сол жақтағы №20 Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған болатын.

3.Оң жақтағы №20 Мектеп жанында кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға не деп еді, одан кейін Қожаның әрекеті қандай болды?

Өткен сабақты пысықтау мақсатында повестен оқушылар «Сабақтағы Қожа » драмалық көрініс.

Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің мақсатымыз өткен тақырыпты жинақтау, қортындылау яғни Қожа мен Жантас бейнелеріне талдау, өз ойыңды, пікіріңді еркін айту, жеткізе білу, тест ойындары, кеспе, шығармашылық жұмыс «Менің –балалық шағым».

Реалистік шығарма, повесть туралы ұғымды қалыптастыру. «Түбінде адам болатын бала» тақырыбы бойынша.

Мұғалім /ауызша... «Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай » «Тәмпіш неме» -дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қос ауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді, доп-домалақ, тап-тақыр.

Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағар бітпейтін жерге бітуін қарашы. Оданда бетімнің ұшына таман болсашы, сәл әдемірек көрінер едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді... Бұл кімнің портреті?

Дәптерге белсенді кейіпкер, тасадағы кейіпкерлерді жазу

Дебаттық ойын

І топ ІІ топ

Қожа- жақсы бала Қожа- тентек бала

1.Қожа- алғыр 1. Қожа- өтірікші

2.Қожа- ақылды 2. Қожа- шыдамсыз

3.Қожа- әділетті 3. Қожа-бұзық бала

4.Қожа- мейрімді 4. Қожа- тиянақсыз

Тақтаға шыққан әр топ өз қарарын повесть мазмұнымен ойын қортындылап, жүйелеп нақты дәлелдеп береді.

Сабақты қорту: Повесть, реалистік шығарма туралы мәліметтер беру.

Кинофильімнен үзінділер айту, фильімді түсірген Абдолла Қарсақбаев туралы мәлімет.

Түйіндеу: Тест нұсқасы №1, №2, №3, №4, әр оқушыға кеспе таратылды.

Повесть қалай аяқталды?

Лаула, лаула, жігер оты!

Самға, самға қиял күш!

Асығатыным да, аңсайтыным да,

Ертеңгі болашағым!

Сурет галлереясы: Оқушылар өз салған суреттерін қорғайды.

Үй тапсырмасы: «Бақытты балалық шақ» шығарма

Сатаева Құрманхан Нұрбекқызы

Туған жылы: 05.07.1959 жыл

Білімі: Жоғары

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Оқу орыны: Қазақтың мемлекеттік қыздар

институтын 1981 жылы (кітапханашы-библиограф) І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетін 2005 ж. Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы

Санаты: 12

Еңбек өтілі: 29 ж.

Автор:
Қ.Н.САТАЕВА, Кербұлақ ауданы