Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Денсаулық саласындағы мәселелер тұрақты комиссия отырысында қаралды


21 июня 2021, 09:22 | 1 088 просмотров



16 маусым күні Алматы облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтіп, күн тәртібінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның  Алматы облысында жүзеге асыру барысы қаралды, - деп хабарлайды облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Отырыс барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ниязбеков есеп беріп, өз баяндамасында: «Медициналық мекемелердің медициналық техникамен жабдықталу көрсеткіші орындалды, жоспар 88,8%, нақты  88,9%. Облыс бойынша медициналық қызметкерлердің орташа жалақысын көтеру бойынша Президенттің тапсырмасын орындай отырып, дәрігердің орташа жалақысы 277 143,0 теңгені құрады. Дәрігерлер тапшылығын шешу жолдарының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады, облыс бойынша 2020 жылы жергілікті әкімдіктер 104 пәтер және үй бөлді. 2020 жылы Талдықорған қаласында 200 төсектік модульдік инфекциялық аурухана, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында бір кезекте 100 келушіге арналған әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория және Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында медициналық пункт салынды (ЖҚЖК –6 ДА, 1 МП). Жалпы, құрылысқа 12,0 млрд.теңге бөлінді, 11,9 млрд. теңге игерілді. Сонымен қатар, 7 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 4» - деп баяндап өтті.

Түрақты комиссия мүшелері жиында аудан-қалаларды аралау барысында анықталған өзекті сұрақтарды көтеріп, оның шешу жолдары бойынша басқарма басшысынан жауабын алды.

Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша шешім қабылданып, денсаулық саласындағы сұрақтар депутаттар тарапынан үнемі жіті назарда болатындықтарын тілге тиек етті.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі