29 июня 2021, 11:19 | 1 345 просмотров
«Ілімсіз ғибадатта, түсінбей оқыған ілімде және ойланып, мән бермей оқуда еш жақсылық пен берекет жоқ»
Али ибн Әбу Талиб
Тәуелсіз елімізде білім алып, өсіп келе жатқан шәкрттерімізді талапты, ойлы, өзіне-өзі сенімді, жан жақты ойлай алатын биік тұлға етіп тәрбиелеуде мектебіміздің оның ішінде ұстаздарымызыдың атқаратын рөлі өте үлкен. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Мен өзім математика пәнінен сабақ беретін болғандықтан алдымдағы шәкрттерімнің әрине биктерден көрінгенін қалаймын сондықтан сабақ барысында көбінесе оқушыларымның логикаға мән бергенін, сабақты сынй тұрғыдан ойлай білуін көбірек қадағалаймын.
Математика пәнін оқыту барысында біз оқушының белсенділігін дамытуды мақсат етіп қана қоймай сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысуымыз керек, сондықтан мен сабақ барысында оқушыларға тек оқулықтағы ғана есептермен шектеліп қана қоймай оларға қосыша материялдардан күрделі олимпиадалық тапсырмаларды яғни төменде берілгендей дербес ойлауды қажет ететін есептерді де қарастырып отырамын.
Мен алгебра сабағында өтілетін кейбір олимпиадалық есептерді көбінесе сабақта қолданып отырамын үйткені дарынды балаларды дайындауда көбнесе осындай логикалық ойлау қабілеті жоғары балалар мен көбрек жұмыс жасау арқылы жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту және дербес өз ойын көпшілік алдында еркін жеткізе білуге үйрету керек, үйткені біздер жай ғана сабақ берумен шектеліп қана қоймай дарынды балаларды анықтап, оларды ғылыми жобаларға қатыстырп жеке шығармашылық қабілетінде дамытуымыз керек, сонда ғана біз өзіміздің еңбегіміздің жемісін көріп отырамыз.