Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

29 маусымдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған


29 июня 2021, 12:03 | 1 148 просмотров



29 маусымдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 27 284 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 17 146 жағдай.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,1% деңгейінде қалды. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Ақсу -0,2%, Балқаш - 0,2%, Ескелді - 0,2%, Қаратал - 0,3%, Сарқан -0,3% аудандарында және Текелі қаласында -0,3% байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ 43 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 28 симптомдық (65,1%) және 15 симптомсыз (34,9%) жағдай.
43 жағдайының алтауы 14 жасқа дейінгі балалар және 2 жағдай студенттер арасында анықталған.
Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-3, Ескелді-2, Жамбыл – 2, Іле–9, Қарасай-4, Қаратал-5, Кербұлақ-1, Көксу-2, Талғар–6, ұйғыр-1, Талдықорған қаласы – 7.
29 маусымға 26 279 адам жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 7 пациент Шығарылды, 15 адам үйден оқшаулаудан шығарылды.

Автор:
Алматы облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі