Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы


30 июня 2021, 04:12 | 1 349 просмотров


«Ұcтaздaр - құдды жұрт aйтaтын, тaмшыcымeн  тac тeceтiн cу cияқты»

(Әл-Фараби)

Еңселі еліміздің болашағы – жас ұрпақ. Іргесі биік, егемендігі тұғырлы жас мемлекетіміздің басты байлығы да, кемел келешегі мен жарқын болашағының сенімді кепілі де білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Мәңгілік елге айналуды мақсат тұтқан тәуелсіз еліміздің бұл жоспары білімді, тәрбиелі, алғыр, бәсекеге қабілетті, иман жүзді, кемеңгер ұрпақпен ғана орындалары шындық. Шындықты ақиқатқа айналдыру білім беру саласының білікті мамандарына тікелей байланысты. Ұстаз берген сапалы білім мен саналы тәрбие білімге шөліркеген оқушының өмірлік сапарына жетер азық болады. Ізгі ұрпақты тәрбиелеп шығарар ұстаздардың қажырлы қызметі мен ерен еңбегінің арқасында ұлт мақтанышына айналған біртуар тұлғалар тәрбиеленіп шығуда.

Жaһaндaну тeңiзiнe жeлкeнiн жaйғaн тәуeлciз мeмлeкeтiмiздiң eртeңi - бiлiмдi ұрпaқ. Ал сапалы тәрбие мен саналы тәрбиенің тамшысын тамызып, шырағын жағатын ұстаздар. Бүгінгі заман инновациялық технологиялар қаптаған, өзгеріске бейім, сәт сайын жаңалығымен таң қалдыратын дамыған заман. Осы тұста үздіксіз білімнің иелері болған ұстаздар қауымы да жаңалық пен жасампаздыққа ұмтылуда. Біліміне білігі сай, тәліміне тәжірибесі сай педагог мамандардың шәкірттері де ұстазынан асып түспесе, кем түспейтіні анық. Білімді де жасампаз ұрпақ тәрбиелеу керек, кемеңгер әрі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру керек сынды талаптар бүгінгі таңдағы әр ұстазға қатысты. Ұрпақ тәрбиесін мойнына көтерген педагог маманға ең әуелгі қажетті қасиет – өз ісіне деген ұлы махаббат. Ұстаздық қызметіне деген сүйіспеншілік сезімі терең болған сайын, педагог маман жаңаны білуге әрі білгенін өзгеге үйретуге асыға түседі.

Түйіндей келе, көпті көрген дана халқымыздың: «Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі», -  деп айтуы бекер емес дегім келеді. Шәкірттеріміздің жеткен әр жеңісі, бағындырған әр белесі, алған әр асуы тәлімі біздің еңбектің ақталғаны, жұмысымыздың тәтті жемісі.

Автор:
Аспазия Есенбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, № 2 орта мектептің, Талдықорған қаласы