Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ


8 октября 2009, 06:19 | 2 531 просмотр


Қазанның 7-сінде облысымыздың орталығы Талдықорған қаласында «Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпараттардың алатын орны» деп аталатын арнайы семинар өтті. Бұл семинарға Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, облыстық басылымдардың телерадиокомпания тілшілері және ЖМУ-нің журналистика кафедрасының 1-курс студенттері қатысты. Семинар соңынан Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, журналистика кафедрасының оқытушысы Иманғазинов Мұратбек ағамызбен сұхбаттастық.

Мұратбек Иманғазинов: «Бүгінгі семинар біз сонау Алматыдан арнайы келіп, мастер-класс өткізіп жатқан филология ғылымының докторы, доцент Сәкен Жұманұлы Нұрбеков өткізіп, өзінің ой-пікірін ортаға салып жатыр. Бұл семинар бірінші рет Өскемен қаласында өткізілген екен. Сәкен Жұманұлы Алматы үлкен қала болған соң, Талдықорғанға келіп, әртүрлі баспасөз өкілдерін және болашақ мамандар – Жетісу мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасында оқып жатқан бірінші курс студенттері арасында өткізіліп жатыр. «Журналистика біздің қоғамда қандай рөл ойнайды? Оның орны қандай? Мақсаты қандай?» деген сияқты сұрақтарға жауаптар жан-жақты талқылануда. Қазіргі таңда мемлекеттік баспасөз органдары бар, сонымен қатар, жеке меншік газет, телевидение, радио да бар. Олар өздерін қоғамда қалай көрсетуде? Шынайы ма? Жалған ба? Осының барлығын ескере отырсақ, семинар жетекшісінің айтып отырған пікірі өте тұщымды, маңызды және мәнді деп есептеуге болады. Өйткені, қазір ненің жақсы, ненің жаман, ненің айқын, ненің белгісіз екендігін білмейтін халге жеттік. Қазір Ресейден және тағы басқа шет елдерден баспасөз өнімдері ағылып келіп жатыр. Бұлардың көбісі жалған, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарауы мүмкін. Қазір тіпті президенттік, үкіметтік ақпараттық құралдар бар.Бұлардың өз заңдары болу керек. Заң болмаған жағдайда ақпараттық анархия болады. Ақпараттық анархия болмас үшін осы семинардың берер үлесі мол. ЖМУ-де жаңадан ашылған кафедраның 1-курс студенттері – болашақ мамандар өте көп ақпар алды деген ойдамын» - деп ой бөлісті ұстаз.

Автор:
Әлия Тілеужан