Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Панфилов ауданында 2 жаңа мектеп салынуда және тағы 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек


3 июля 2021, 07:54 | 1 314 просмотров



Қытаймен шектесетін Басқұншы ауылында 300 орынды мектеп бой көтеруде. Құрылысына толықтай материалдық базасымен қоса алғанда 1 млрд 703 млн. теңге қаржы бөлінген.
Сондай-ақ, көрші елдің дәл іргесіндегі Қорғас ауылындағы орта мектеп нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 352.9 млн. теңге бөлініп, байқау жарияланды.
Сонымен қатар Аққұдық ауылының тұрғындары келер жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алмақ. Байбатшаев атындағы 120 орындық орта мектептің құрылысы қазір қарқынды. Бұрыңғы мектеп ғимараты апатты деп танылған болатын.
Ауданға қарасты Кіші Шыған орта мектебін күрделі жөндеуден өткізудің жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 15,5 млн.теңге бөлініп, байқау жарияланды.
Аталған құрылыс нысандарында шамамен 150-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылмақ.
Айта кетер болсақ, өткен жылы Панфилов ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында екі мектепке күрделі жөндеу жүргізілген болатын.