Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ойын - ерте жастан оқыту мен тәрбиелеудің «жүрегі»


7 июля 2021, 06:58 | 964 просмотра


  • XIX ғасырдың соңындағы. балалардың бірінші ойындарын неміс психологы К.Гросс, оларды мінез-құлықтарының өзіндік мектебі деп атады. Гросс ойынның маңыздылығын көріп, оның әрі қарай баланың маңызды жұмыс жасауына дайындық екенін білді. Ойын барысында баланың қабілеті жақсарады. Гросстың пікірінше, балалар ойының негізгі мәні болып табылады.
  • Ойын теориясы, Г Спенсердің айтуы бойынша, ойын көзі күштердің көптігі. Өмірде жұмсалмаған, еңбекке жарамсыз артық күштер ойын арқылы шығып кетеді.
  • К.Бюлер ойынның түрткісін ашуға бағытталған зерттеу жұмыстарында, ойынның басты түрткісі ретінде функционалдық рахаттану (яғни, нетиженің қаншалықты дұрыс немесе дұрыс еместігіне қарамастан балалардың өз әрекеттерінен рахаттану сезімдері) сезімі деп атады.

Психолог Адлердің айтуы бойынша, бала ойынға кірісіп кетіп, өзінің ештеңеге тәуелді екенін сезінбеуге тырысады, сондықтан балалар ертегі кейіпкерлерін  ойнауды ұнатады, мысалы: сыйқыршы немесе қуыршақтың анасы болып.

Ойын- дегеніміз не?

  • Ойын» балалардың назарын аудару, көңілін аулау, қызықтыру үшін жүзеге асырылатын таңдау бойынша іске асыруға болатын әртүрлі іс-әрекет түрлерін қамтиды.
  • Ең кіші жастағы балалардың өзі, тіпті нәрестелерге дейін дыбыстар мен қарапайым әрекеттерді зерделеу, сондай-ақ өзін қызықтырған нәрселерді сынап көру арқылы ойынға бейімделеді.
  • Әдетте ойын адам үшін өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін аса қажетті нәрсе болып табылмайды. Дегенмен, ойын балалардың даму барысында эмоциялық әл-ахуалына оң ықпал етіп, кең ауқымды дағдыларды игеруге қолдау көрсетеді.
  • Балалар өзімен өзі ойнай алады, дегенменде көп жағдайда балалар өзі танитын басқа балалармен немесе ересектермен ойнағанды жақсы көреді. Ең кішкентай баланың өзі де басқалардан көргенін немесе құрдастарымен, өзінен үлкен балалармен, ересектермен қарапайым ойындарды қайталап ойнайды.
  • Баланың ойнай білу қабілеті ойынды таңдау білігін, көңілді қайталаулар және басқа балаларды ойынға шақыру, басқа балалардың ойынына қосылу сияқты әрекеттерінен көрінеді.
  • Ойын қалай дамуы керектігі туралы ортақ пікірге келу нәтижесіндегі келіспеушіліктер ойыншылардың бар ынтасымен ойынға берілгендігін көрсетеді.
Автор:
Алмагуль Мусакулова, Шағын орталық тәрбиешісі, "А.С Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО" КММ, Талдықорған қаласы