Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақша күрес-спорттағы қазақ халқының бейнесі


7 июля 2021, 07:02 | 1 635 просмотров


Мақалада дәстүрлі қазақ күресінің өрісін кеңейтіп, балуандардың тәжірибесін халық мұратына жарату.

Сондайақ Қазақстанда қазақ күресінің танымалдығы спорттың бұл түрін оқу орындарында дене жаттығуларымен жаппай шұғылдануды дамытудағы маңызын арттыру көзделген. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің ең өзектісіне айналдыру.

Тірек сөздер: Қазақша күрес,күрес,ұлттық ойын,салт-дәстүр,балуан,жас ұрпақ,тәрбие,мұрағат.

В статье рассказывается о расширении сферы традиционной казахской борьбы, использовании опыта борцов в народных борцов.  

Кроме того, в Казахстане популярность казах куреси повысила значимость этого вида спорта в развитии массовых занятий физическими упражнениями в учебных заведениях. Образцовое воспитание современной молодежи для укрепления фундамента нашего общества-одна из самых актуальных задач современности.

Ключевые слова: казахская борьба, борьба, национальные игры, традиции, борец, молодое поколение, воспитание, архив.

The article describes the expansion of the sphere of traditional Kazakh wrestling, the use of the experience of wrestlers in folk ideals.

In addition, in Kazakhstan, the popularity of Kazakh kuresi has increased the importance of this sport in the development of mass physical exercises in educational institutions. The exemplary education of modern youth to strengthen the foundation of our society is one of the most urgent tasks of our time.

Keywords: Kazakh wrestling, wrestling, national game, traditions, wrestler, young generation, education, archive.

Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді.                                                                     Батылдыққа, өжеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Ендеше дене-шынықтыру сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.

Қазақ күресі – нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі.

Қазақ күреспен айналысу жеке тұлғаның денсаулығының нығаюына, оның үйлесімді дамуына, шұғылданушылардың денесінің дамуы мен шымырлануына себеп болатындығы, жастардың дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік) дамытудың және дене тәрбиесінің тиімді құралы болып табылатындығы дәлелденді.

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес – ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.
Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи және көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі.

Жылдар жылжып өтті, ғасырлар артта қалды. Содан бері қазақтың ұлттық спорты – күрес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді. Тарихи жазбаларда балуандық өнер туралы деректер өте көп. I.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы мен Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы балуандардың айқастары халықтың бауырынан бастау алған өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін бір ғана мысал. Батырлар жырларына зер салсаңыздар халықтың жекпе-жек өнеріне асыл мұра ретінде қарағанына күмән келтірмейсіз. Академик, ғалым Әлкей Марғұлан «балуан» сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді.

Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады.

ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай күрескен. Ол уақытта «итжығыс», «бас аттау» сияқты тәртіптер болған.

Әрине, осындай ғажап күресі бар қазақтан әлем мойындаған даңқты балуандардың (Ә. Айханов, Ж. Үшкемпіров, Д. Тұрлыханов т.б.) шығуы заңды құбылыс.
Бүгінгі таңда қазақ күресінен үш Әлем, екі Еуропа, алты Азия біріншіліктері болып өтті. Төл күресімізден тұңғыш рет ұйымдастырылған әлем додасы 2006 жылы Алматы қаласында жалауын көтерсе, екінші Әлем біріншілігі Ресейдің Орск қаласында өтті, үшінші Әлем біріншілігі 2010 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында жалауын көтерді. Ал, Еуропа Біріншілігі 2007 жылы Ресейдің Орынбор қаласында өтті. I Азия біріншілігінің тұсауы тұңғыш рет 2005 жылы Ресейдің Алтай республикасындағы Қосағаш елді мекенінде кесілді. II Азия біріншілігі 2006 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, III Азия біріншілігі 2007 жылы Қазақстанның Қарағанды облысындағы Қ.Сәтпаев қаласында, IV Азия Біріншілігі 2008 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата каласында, V Азия біріншілігі 2009 жылы Қазақстанның Қызылорда қаласында, VI Азия біріншілігі 2010 жылы Қазақстанның Өскемен қаласында, 2011 жылы VII Азия біріншілігі және І Әлем Кубогы Индияның Пуна қаласында, Жастар арасында І Азия біріншілігі мен І Әлем чемпионаты Иранның Машад қаласында болып өтті.

Қорытынды

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігіне көздейтінінде.

Қазақстандағы қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша халықаралық спорт түріне дейін тұрақты түрде дамып келе жатқандығы анықталды.

 Қазақ күресінің дамыундағы осы спорт түрі бойынша мамандар дайындау жағдайлары, әдістемесі мен құралдарының қарқынды жақсарту қезендері бөлініп белгіленді. Қорытынды жасап айтқанда, қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жалпы және арнайы дене дайындығын, спорттық жаттығу мен жарыс өткізу ережелерін жетілдіру, қазақ күресінің әдістемелік құралдары мен оқулықтарын шығару кезеңдерімен дамуы белгіленді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Матущак П. Ф., Мухиддинов Е. М. Казахша курес. Алматы: Рауан, 1995.
  2. Қазақша курес. Жарыс ережесі. Алматы: Туран. 2002.
  3. Таникеев М.Т. Казахские национальные виды спорта. Современные проблемы. Алматы. 1991.
  4. Байдосов К.Р. Казахская национальная борьба. Алматы: Мектеп, 1987.
  5. Таникеев М.Т. Мир народного спорта. Алматы. 1998.
  6. Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі және тәрбиелік мәні / Ж. М. Есиркепов, Х. Ш. Зулпыхаров.
Автор:
Б.Н. Мұратбеков. №14 орта мектеп-гимназиясы, Талдықорған қаласы