Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Fluid компоненттері, видеоқоңыраулардың жаңарған дизайны және гибридтік жұмыстарға арналған Microsoft Teams-тегі өзге жаңартулар


7 июля 2021, 07:11 | 657 просмотров



Microsoft болашақ гибридтік жұмыстарға негізделеді деп санайды және кім болса да, немен айналысса да барлық қызметкерлерге тең жағдайлар жасауға талпынады. Сондықтан да Microsoft компаниясы гибридтік жұмыс ортасына және Teams, Microsoft Teams Rooms пен Viva үшін өнімді, біріккен жұмысқа бағытталған жаңартуларды ұсынды.  

Бірыңғай жұмыс ортасын құруға арналған Fluid-компоненттер  

Fluid-компоненттер – чаттан, электронды хаттардан, жиналыстардан және т.б. шықпай-ақ, түрлі жұмыстарды қатар атқара беруге көмектесетін бөлек блоктар.

Teams топтамасындағы Fluid жаңа компоненттері күн тәртібін құруға, ескертулер жасауға және Teams қоңыраулары аясында тапсырмалар белгілеуге, сондай-ақ маңызды контентке кез-келген уақытта қол жеткізуге көмектеседі. Жиналыстағы күн тәртібі мен тапсырмалар автоматты түрде “Жиналыстар туралы ескертулер” OneNote қаптамасына/бөліміне түседі. Fluid компоненттерін сондай-ақ Outlook-те – электронды почтада немесе күнтізбеде қолдануға болады, бұл күн тәртібін, тапсырмалар мен міндеттерді түрлі қосымшаларда басқаруды жеңілдете түседі.

Fluid компоненттерінің көмегімен интерактивті, байланысқан процесстер жасақталады, оларды барлық қатысушылар бірдей өңдеп, Teams-те және Office қосымшаларында бірге қолдана алады.

Жұмыс барысын тиімді жасақтау үшін Fluid компоненттерін қолдана отырып, бірге әрекет етіңіздер.

Front row – Microsoft TeamsRooms-тағы бөлмені иммерсивті жоспарлау түріндегі жиналысты ұйымдастырудың жаңа схемасы – бұл өзара байланысты анағұрлым шынайы әрі қашықтан қосылып отырған бөлмедегі адамдарды бір-бірімен тығыз байланыс құрғандай әсер сыйлайды. Виртуалды жиналыс енді күн тәртібі, тапсырмалар мен ескертулер сияқты пайдалы ақпараттарға толы болады, сондай-ақ барлық қатысушыларға чат анық көрінеді. Бейнегалерея экранның төменгі жағында көрініп тұрады.  

Microsoft Teams Rooms-те бейнені көрсетудің жаңа макеттерінің арқасында экран көлемі үлкейеді, ол экранда көрсетілім жоқ кезде бейнегалереяны бірнеше дисплейге бөледі. Кеңістіктің үлкеюі – қашықтан қосылған қатысушылар үлкенірек әрі шынайырақ көрінетіндігін білдіреді. Сонымен бірге жуық арада «жанды реакция», «назар ортасында», бірнеше бейнеағымды бекіту және бейненің классикалық торкөзін пайдалану кезінде ашылатын чат терезесі сияқты жаңа функциялар қосылады. 

Power Point Live-та енді слайдтарды автоматты түрде ауыстыруға болады. Қолданушылар көрсетілім кезінде слайдтарға ескертулер жазу үшін сурет салу және лазерлі нұсқағышты пайдалану мүмкіндігін алады.  

Teams мобильді қосымшасы үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

Енді мобильді қосымша қолданушылары PowerPoint Live пен Dynamic view-ге өздерінің құрылғыларынан қол жеткізе алады. Сондай-ақ iOS-та қолданушы фоны қолжетімді, жуық арада бұл функция Android жүйесіне де қосылады.  

Viva Insights-пен бірге уақытты тиімді бөлу

«Тыныш уақыт» режимі жұмыстан тыс уақытта Outlook пен Teams-тегі мобильді хабарламаларды өшіріп қоюға мүмкіндік береді. «Тыныш уақыт» баптауларына жұмыс уақытынан тыс хабарламаларды өшірудің жалпы ұйымдасқан саясатын қолдау үшін Microsoft Endpoint Manager-дегі ІТ-басқарушыны бақылайтын элементтер қосылған.

Work Trend Index-тің соңғы зерттеулеріне сәйкес, чаттардағы жіберілген хабарламалар саны өткен жылмен салыстырғанда әр адамға шаққанда аптасына 45%-ға артқан. Пандемия басталған уақыттан қолданушылар жиналыстарда екі есе көбірек уақыт өткізетін болған. Қоңыраулар бірінен соң бірі соғылады. Жұмыстағы шаршаудан арылу үшін Microsoft Teams-ке босаңсу және демалу үшін жаңа мүмкіндіктер енгізілетін болады. 

Headspace-тен мұқияттылыққа арналған медитациялар мен жаттығулар жинағы Teams-тегі Viva Insights қосымшасында қол жетімді болмақ. Бұл маңызды таныстырылым алдында босаңсуға немесе жұмыстан кейін назарды басқаға аударуға көмектеседі.  

Назарды жинақтау режимі. Viva Insights қосымшасында Headspace-тен фокусты аударуға арнайы әуен ойнайтын болады, ал жаңа таймерлер түрлі тапсырмаларды белгілі бір мерзімде орындауға және үзілістерді бөлуге көмектеседі.

Автор:
Microsoft Қазақстан баспасөз қызметі