Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қимыл-қозғалыс ойындары


18 марта 2011, 07:30 | 19 982 просмотра



Қимыл–қозғалыс ойындары – жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.

Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің манызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

Қимыл–қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентің талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие жұмыстарына пайдалан-

уға қолайлы.

Қимыл–қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарға арнал-

ған ойындар, топтық ойындар, командалық ойындар, эстафеталық ойындар, жекпе-жек ойындары және қысқы ойындар.

Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысты күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.

Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ынғайлы болуы керек.

Бірнеше қысқы ойын түрлерін келтіргім келіп тұр.

«Кім жылдам»

Қатысушылар 3-5 ойыншыдан тұратың топқа бөлінеді. Әр топқа аққала жасау тапсырмасы беріледі. Қай топ аққаланы үлкен және тез арада жасаса, сол топ жеңіске жетеді.

Содан 2-ші кезенінде 6-8 метр жерден қарсылысының аққаласына қар лақтырып құлату керек. Бұл ойынды кіші сыныптарға ойнатқан жөн болады.

«Жанды нысана»

Екі қарсылас команда бір-біріне қорама-қарсы орналасып тұрады. Әр ойыншы радиусы 0,5 метр шеңбер сызып, сол шеңбердің ішінде тұрады. Жүргізуші «Бірінші, баста!» деп белгі береді. Команданың бірінші ойыншысы қарама-қарсы тұрған ойыншыға қар лақтырады. Қарама-қарсы тұрған ойыншыға отыра қалуға, секіруге болады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Содан жүргізуші «Бірінші, жауап қайтар!» деп белгі береді. Сол кезде екінші команданың бірінші ойыншысы, қарама-қарсы тұрған ойыншыға қар лақтырады.

Команданың барлық ойыншылары лақтырып болған кезде, жүргізуші дәл тигізген саның шығарып жеңімпаздарды анықтайды.

«Қоңырауды қуып жет»

Ойыншылардың барлығында коньки болу керек. Ойыншылардың ішінен бір ойыншыға қоңырау ұсынылады. Төрт ойыншы қуғыншылар болып шығады. Жүргізуші белгі береді. Қоңырау ұстаған ойыншы қуғыншылардан қашады, ал қуғыншылар қолұстасып қоршап улу керек.

Қоңырау ұстаған ойыншыға қауіпті жағдайда, қоңырауды басқа бір ойыншыға беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Ойыншылар шаршаған кезде басқа ойыншылармен алмасуға болады.

«Жүгіріп өту»

Бұл ойынды көлемі 30х40 метр қарлы алаңда өткізеді. Алаңның шектерін қардан жал үйіп белгілеп қояды.

Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді, біреуі жүгіріп өтушілер; екіншілері – атқыштар командасы делінеді.

Атқыштар алаңның екі жағына орналасады, ал жүгіріп өтушілер алаңның сыртына орналасады.

Жүргізуші белгі береді. Жүгіріп өтушілер бір-бірден алаңның ортасымен жүгіріп өтіп екінші жаққа жету керек. Ал, атқыштар екі жақтан қармен атқылап тигізу керек. Егер жүгірушілерге қар кесегі тисе, онда ол «оққа ұшып», ойыннан шығады. Ойын аяқталғанда орындары алмасады: жүгіріп өтушілер «атқыштар» болады да, ал атушылар жүгіріп өткіштер болады.

Бұл ойынды шанамен де ойнауға болады. Жүгіріп өтушілердің бір ойыншысы шанаға отырады, екіншісі тасымалдайды. Егер қар кесегі тасымалдаушыға тисе 1 ұпай, шанадағы ойыншыға тисе 2 ұпай беріледі.

«Шайбамен эстафета»

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Ойыншылардың барлығында коньки болу керек Командалар сөреге орналасып тұрады. Әр командаға қарма-қарсы жерде жалаушалар орнатылады, бұл мәре. Жалаушаға дейін бірнеше фишка немесе кегли қойылады.

Жүргізуші белгі береді. Әр команданың бірінші ойыншылары фишканының (кеглидін) арасымен, шайбаны клюшкамен алып жүріп, жалаушаны айналып, қайта сөреге келіп эстафетаны келесі ойыншыларға тапсырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Автор:
Қ.Ж.ҚУАНЫШБАЕВ Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.