Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


13 июля 2021, 05:31 | 1 453 просмотра



Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша маңызды міндеттердің бірі – функционалды сауатты оқушыны қалыптастыру. Функционалдық сауаттылық негіздері бастауыш мектепте қаланып, сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлері оқыту-жазылым мен оқылым, айтылым мен тыңдалым қарқынды жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде мәтінмен жұмыс істеуге арналған көптеген тиімді әдіс-тәсілдер бар. Мысалы, оқушылар мұғалімнің басшылығымен білік дағдыларын қалыптастыруда өздері сабақта мақсат қоюға машықтанады. Оқушылар алған білімдерін пән сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында өз тәжірибесін негізге ала отырып, өз іс-әрекеттерін нақтылауға және түзетуге, өзін-өзі бақылауға қолданады.

Міне, осы жерде оқушылардың функционалдық сауаттылығы қалыптасады, талап етілетін білім бекітіледі, пысықталады, осыдан кейін мұғалім баланың білімінің өсу деңгейін бақылайды.

Өз сабағымда оқушылардың сауаттылығын дамыту үшін мынадай тапсырмаларды жүйелі түрде қолданамын:

– Сұрақ-жауап

  • Өз ойын айту
  • Әңгімелесу
  • Жағдаяттық диалог

Мынадай тапсырмалар ұсынамын:

  1. Мәтіннен тірек сөздерді тауып алу
  2. Мәтінге сүйеніп постер жасау (сурет жапсыру, сызбалар, кесте, сурет салу)
  3. Сұрақ-жауап әдісі

Мәтінді оқығаннан кейін сөйлемдер құрастырып, өздерін, бір-бірін тексере алады.

Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындауда оқушылардың білім жетістіктерін анықтауға, белсенді оқыту жолдарын ұйымдастыруға, жағымды орта құруға мүмкіндік туғызады.

Автор:
Айнагүл Сағымбекова, бастауыш сынып мұғалімі «Барлыбек Сырттанов атындағы №25 орта мектеп МДШО КММ» Талдықорған қаласы