Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Инкассаторлар көлігі аударылып жатыр. Полиция желідегі видеоға түсініктеме берді


13 июля 2021, 08:17 | 334 просмотра



Әлеуметтік желіде жол ортасында аударылып, төңкеріліп жатқан инкассаторлар көлігінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Голливудтың экшн-фильмінің кадрларына ұқсас видео оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Әркім әртүрлі болжам айтып, ойлар сан-саққа жүгірді.

Алматы облысының полиция департаменті видеодағы бұл оқиғаның 12 шілдеде сағат 16:50 шамасында Алматы-Талғар тас жолының 13-ші шақырымында орын алғанын растады. ГАЗ-2705 транзиттік көлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Апат салдарынан көлікке механикалық зақым келді, жүргізуші мен оның жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Автор:
Zakon.kz