Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорғандағы десанттық-шабуылдау бригадасы тексерілді


14 июля 2021, 10:34 | 466 просмотров



Талдықорған гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасына Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшікбаев арнайы келді.
Қолбасшы десанттық-шабуылдау бригадасының оқу-материалдық базасымен танысты. Бұдан бөлек, оқ-дәрі сақтау қоймаларының диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексеріп, Отан қорғауға жаңадан келген сарбаздармен кездесті, олардың күнделікті тыныс-тіршіліктерімен толық қанды танысып шықты.
Соынмен қатар, қолбасшы Алматы облысы әуе-десанттық әскері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Еркін Ерғожанов мырзамен кездесіп, онда жастармен әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары барысы туралы және проблемалық мәселелер бойынша әңгіме өрбітті.
– Пандемия жағдайына байланысты оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне онлайын режимінде патриоттық сабақтар өткізілді. Ал, әскери бөлімдерде ант қабылдаған және запасқа шығарылған сарбаздармен салтанатты іс-шараларда кездесіп оларға әскери-патриоттық тәрбие берілді. Әскери-патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарда жоғары патриоттық түйсікті, өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуына бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсаты іс-әрекет, – деді Алматы облысы әуе-десанттық әскері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Еркін Ерғожанов.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің басшысы