15 июля 2021, 11:37 | 1 013 просмотров
Өткен жылы қазақстандықтардың өмірі қашықтықтан жұмыс істеу мен күн тәртібінен бастап сүйікті спорт пен сауық түрлеріне дейін біршама өзгерді. Сатып алу статистикасының негізінде AliExpress сарапшылары қазақстандық қолданушылар арасында қандай хобби түрлері кең танылғанын және олар бос уақытында немен айналысуды қалайтынын анықтады.
COVID-19 індеті басталысымен, бүкіл әлем бойынша танымал трендтердің қатарына шығармашылыққа байланысты хоббилер шықты, ол жұмыстан, кұнделікті міндеттерден назарды бұрып, ғаламторда азырақ уақыт жұмсауға мүмкіндік берді. Қазақстандықтар да дүниежүзілік трендтерге ілесе отырып, қолөнер мен шығармашылыққа байланысты хоббилерге көбірек уақыт бөле бастады. Жалпы алғанда жыл бойына AliExpress-тегі хоббиге арналған тауарлар сатылымы 6,5 есеге артқан: майшамдар жасауға, сабын қайнатуға, ағаш оюға, қыш құмыра жасауға арналған жинақтар, сонымен қатар пазлдар мен мозайкалар қазақстандықтардың виртуалды кәрзеңкелерінен көптеп табылатын болған.
Бұл бағыттарды жаһандық көрсеткіштер де растап отыр, Pinterest зерттеулеріне сүйенсек, 2020 жылы әлеуметтік желіден демалуға деген қажеттілік 2019 жылмен салыстырғанда 314%-ға артқан, бұл орайда мұндай диджитал-детокстың мүмкіндігін арт-терапиядан тапқан адамдардың саны 444%-ға өскен.
Қазақстандықтардың арасында ең танымал хоббилердің бірі киім дизайны мен оны әшекейлеу болған. Бұл санаттағы тауарларды сатып алудың орташа бағасы 70 000 теңге шамасында болған, қолданушылар жапсырмалы ілмектер, бұйымды әшекейлейтін ұсақ тастар, созылмалы резеңкелер, таспалар, пішуге арналған қайшылар мен өзге де көптеген заттарды жиі сатып алған. Бұл санаттағы тауарларға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.
Хоббиге арналған сұраныстағы санаттар қатарына майшам қайнатуға қажетті тауарлар кірген, олардың сатылымы 8 есеге артты. Жиі жасалатын тапсырыстар арасында түрлі-түсті балауыз жинақтары, фитильдер мен шамдарға арналған қалыптар бар. Сатып алудың орташа бағасы 50 000 теңгені құраған.
ВВС-дің айтуынша қыш құмыра жасау бүкіл әлемде кеңінен танылып жатыр. Көптеген адамдар үшін хоббидің осы тактильді түрі цифрлық әлемнің ықпалынан шығаратыны нағыз құтқарушы болып отыр, ал қыштан немесе саздан бұйым жасау мадитациялық тәжірибеге айналған десек те болады. Қыш құмыра жасауға арналған тауарлардың танымалдыдылығы Қазақстанда осы жылы 2,5 есеге өскен. Ең жиі жасалатын тапсырыстар арасында саздан қалыптар жасауға арналған құрал-жабдықтар, электрлі қыш машинасы, әшекей жасауға арналған қалыптар бар. Орташа есеппен қазақстандықтар хоббидің осы түріне шамамен 50 000 теңге жұмсаған.
Мозайкалар мен пазлдар да сүйікті сауықтар қатарына кірген. Бұл тауарлардың сатылымы 2,4 есеге артып, сатып алудың орташа бағасы 40 000 теңгені құраған. Танымал тапсырыстар арасында жеке суреттер мен картиналарды тастармен салуға арналған жинақтар бар, бұл орайда балаларға арналған жеңіл түрлері ғана емес, ересектерге арналған күрделілеу түрлері де жиі сатып алынған.
Қазақстандық AliExpress қолданушыларының сүйікті хоббилерінің тізімін тоқу мен жүн бұйымдарын жасау аяқтайды, бұл санаттағы тауарлар сатылымы 1,6 есеге артқан, ал хоббидің бұл түріне шамамен 20 000 теңге жұмсалған. Жиі сатып алынған тауарларға алуан түсті жіптер, жүн бұйымдарын жасайтын құралдар, тоқуға арналған сым темірлер, ілмектер жиынтығы мен жүн кенептер жатады.