Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАН ДИҚАНДАРЫНА


8 октября 2009, 06:20 | 2 262 просмотра


Ағымдағы жылғы ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан республика диқандары дәнді дақылдардың жоғары өнімін өсіруге қол жеткізді. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақпен алғанда 21 миллион тоннаға жуық болды, бұл кейінгі бес жылдағы екінші рекордты өнім.

Жоғарғы өнімділік пен астық сапасына қол жеткізу – ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің және әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында дәнді дақылдардың егіс алқабын көбейтуге, өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға, ылғал ресурстарын сақтау технологиясына жаппай көшуге мүмкіндік берген астық өндірісін дамытуды жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.

16 миллион тонна шамасында астық жинаған Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының диқандары ерекше көзге түсті. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында рекордтық астық жиналды. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жаңа обьектілерін пайдалануға беруде көп іс атқарылды.

Ауыл еңбеккерлерінің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз өтуге, республиканың астықты держава ретіндегі экспорттық әлеуеті мен қалыптасқан беделін көтеруге қосқан үлесі зор мақтаныш әрі алғыс сезіміне лайық,

Сіздерді қол жеткен табыстарыңызбен құттықтаймын. Мықты денсаулық, игілік, еліміздің аграрлық секторын дамытуда жаңа табыстар тілеймін.

Автор:
Нұрсұлтан Назарбаев