Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіншіліктері


25 марта 2011, 07:56 | 4 331 просмотр



Қазақтың ұлттық ойындары – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі

ойын-сауық түрлері. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына зор мән бергені нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарды орайластырып, дамытып отырған.

Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнін бала айырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Кейбір бала ойында шынайы өмірді бейнелесе кейбір бала ішкі-сезімін білдіреді. Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзіне әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды., әр ұлт болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл аударады, ол үшін ұлттық ойын түрлеріне ерекше көңіл бөліп, оларды ұтымды пайдалана білген. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалап келген.

Абай атамыз айтқандай: бала тәрбиесін жоғары бағалай білу қажет. Себебі, келешегімізді жалғастыратын осы балаларымыз. Ойынсыз бала болмайды, бұзықсыз бала болмайды, ерекше қасиетсіз бала болмайды ,- деген екен.

Ал Мұхтар Әуезов былай дейді: «Кішкентай болымсыз тірлік иелерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету балаларға арналған, қазақ ертегілерінің барлығына ортақ». Ұлттық ойындар насихатты қажет етеді, ойынның кемеңгерлігі болуы керек, біздің парызымыз болашаққа жол сілтеу.

Автор:
М.А.ТАЖИНОВА, Сарқан облыстық көмекші мектеп-интернаты. Бастауыш сыныптың тәрбиешісі