Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім берудегі сапа менеджменті- басқарудың инновациялық негізі


25 марта 2011, 07:54 | 8 756 просмотров



Жаңа ғасыр - ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибемізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу - өмір талабы. Білім беруді басқару - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдени-этностық тілдік мүдделерді қанағаттандырудың, мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – жаңа білім кеңістігін құрудың бірден-бір құралы.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі тәуелсіз мемлекетімізге ие болып, тізгінін ұстар мамандарды – бәсекеге қабілетті кәсіби білікті маман ретінде ғана емес, кәсіби құзырлы маман ретінде дайындау негізгі міндетіміз.

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай – ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру ұйымдарындағы жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығын, яғни білім беру мазмұнын, оқыту формасы мен әдістерін, материалдық -техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады .

Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, оған тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді . «Бұлақ көрсең көзін аш» -деп дана халқымыз айтқандай осы жастардың көзін ашып, білімін, өмірге көз қарасын дамытып, өмірде өз орнын табуға қатысатын адамдардың бірі – Ұстаз. Осы ғажап жанды адамдардың басын қосып, балаға білім беру, одан парасатты, білімді адам шығаруды тілейтін адамдардың арманын жүзеге асыруға көмектесетін – білім ордалары. Соның бірде-бірегейі жер жаннаты Жетісу өңіріндегі байырғы оқу орындарының бірі – Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі.

Педагогикалық менеджмент жүйесі бас-қару мен бақылаудың, дамытудың инновациялық үрдісі. Оның негізгі бағыттары өндірісті әлеуметтік, саяси және рухани процестерді басқарудың жалпы ұстанымдарын, әдістерін белгілейді.

Басқарудағы сапа менеджмент жүйесі арқылы білім мен тәрбие беру үрдісінің сапасын тиімді қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін инновациялық орта жасауға, әлеуметтік – серіктестікті дамытуға, педагогикалық ұжымды шығармашылық ұжым етіп біріктіруге оқу орнының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемдік білім кеңісті-

гіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» - деген пікірін басшылыққа ала отырып, заман талабына сай жұмыс жасап, нарық талабынан сырт қалмау үшін Жаркент гуманитарлық-техникалық колледждінде 2009-2010 оқу жылында сапа менеджмент жүйесі, оның тиімділігі, қажетті құжаттардың маңызымен мазмұны туралы оқулар өткізіп, колледжде 2009 жылдан «Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын ендіру туралы» шешім қабылданып, бұйрық шығарылды. Сапа менеджментін ендіруге байланысты құжаттармен жұмыс жасайтын арнаулы топ құрылып, ISO 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі, Ереже», сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» құжаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.

2010 жылы желтоқсан айында сыртқы аудит өткізіліп, «ТОО «EUROASIA MS»

кәсіпорны өкілдерінің сәйкестік Сертификаты берілді. Халықаралық стандарт ISO 9001:2009 негізінде «Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын енгізу» модульдік бағдарламасы жасалынды.

СМЖ жоспарлауға сапа саласындағы колледждің сапа саясаты мен мақсаттары миссиясы жасалынып, төмендегі басым-бағыттармен жұмыс жасауда:

-заңнамалық талаптар мен жалпы белгіленген стандарттар негізінде білім беру қызметі сапасының менеджменті жүйесін қалыптастыру;

-коллдждің кадрлық потенциалын дамыту;

-қазіргі ақпараттық технологияларды пайдаланып, кадрларды дайындау сапасының мониторингісі жүйесін дамыту;

-жауапкершілігі зор, азаматтық сана-сезімі қалыптасқан, өмір бойы үздіксіз білім алу қажеттілігін түсінген жеке тұлғаның өз шығармашылығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін академиялық ортаны дамыту;

-колледж персоналының қоғам және мемлекет үміті мен талаптарын есепке ала отырып, білім беру мен тәрбие үрдісін үнемі жетілдіру;

-білім беру қызметтерінің аймақтық, ұлттық және халықаралық нарығында колледждің бәсекелестігін арттыру;

-колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Білім берудің жоғарғы сапасы төмендегі принциптер негізінде іске асырылуда:

-білім алушының фундаменталды даярлығы мен үйлесімді дамуы;

-оқу үрдісі мен заманауи ғылыми зерттеулердің кіріктірілуі;

-еңбек нарығының ағымдық және перспективалық қажеттіліктерін бағдарлау;

-ғылыми-педагогикалық кадрлардың жоғары кәсіби деңгейі;

-білім беру қызметі сапасының мәселелерін шешуге жүйелі қадам;

-ынтымақтастық, ашықтық және іскер әріптестердің жоғары сенімін қамтамасыз ету;

-барлық жұмыс топтарының жетекшілері СМЖ талаптарына сәйкес құжаттармен жұмысты жетілдіруде.

Колледж ұжымы сапа мен бәсекеге қабылеттілікті айқындауда диагностика, рейтинг, мониторинг ұстанымдарын іс жүзіне асыра отырып, өзінің сапа бойынша жоспарында кешенді жүмыстарын жүргізді.

СМЖ – объективті уақыт талабы, оқу орнының қызметі сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу құралы.

Жаңа заман адамдарын тәрбиелеу мен білім беруде ұстаз қауымының өмірдің өзі осыны талап етіп отыр.

Автор:
С.Н.ТЕМІРБАЕВА Жаркент гуманитарлық - техникалық колледжінің директоры