Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір әскери қызметшінің міндеті


21 июля 2021, 10:48 | 1 481 просмотр



 «2017-2021 жылдары Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын, «2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтарды алдын алудың кешенді жоспарын» жүзеге асыру және өзге де әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сарыөзек гарнизоны Әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник М.Т. Иманбековтың қатысуымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Сарыөзек гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемемелердің басшылық құрамымен жиын ұйымдастырылып қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығымен бекітілген ҚР Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарында көзделген талаптарды қатаң сақтап, басшылыққа алу бойынша кеңінен ақпараттық құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған әскери қызметшілер туралы соттың үкімдері жайлы айтылды.

Е.Касенов,

Сарыөзек гарнизоны Әскери полиция бөлімінің

(сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі) аға офицері

әділет аға лейтенанты 

Автор:
Е.Касенов