Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Десантшылардың арасындағы чемпионат аяқталды


26 июля 2021, 04:06 | 1 069 просмотров



Десанттық-шабуылдау әскерлерінің ХVIII Спартакиадасы шеңберінде әскери-спорт кешені көпсайысы бойынша чемпионат өтті.

Чемпионат Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасының базасында өтті. Оған Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты Алматы, Боралдай, Қапшағай, Жаркент, Сарыөзек және Талдықорған қаласындағы әскери бөлімдердің спортшылары қатысты.

Әскери бөлімдер мен құрамаларының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілген сайыс бес кезеңнен тұрды оған әскери бөлімдерден құралған бес спортшы сайысқа түсті.  

Үш күнге созылған сайыста спортшылар АК-1 атыс қаруынан 4-ші бақылау оқ ату жаттығуын, белтемірге тартылу, 100 метр қашықтыққа жүгіру, Ф-1 қол гранатасын лақтыру және 3 шақырымға жүгіруден жарысты.   - Жарыс тартысты өтті. Командалардың үлкен дайындықпен келгендері байқалды. Әскери спорттық кешені көпсайысы жылда өткізіліп келеді және қатысушылардың жылдан жылға белсенділіктері артуда, - деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің дене дайындығы бөлімінің аға офицері капитан Марат Ағамбаев.

Сайыс өз мәресіне жетіп жалпы командалық есеп бойынша 1-ші орынды Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасы еншілесе, 2-ші орынды Талдықорғандағы 48386 әскери бөлімінің командасы қанжығалады ал, 3-ші орынға арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдау бригадасы табан тіреді. 

Жеңімпаз командаларға және жарысқа қатысып жүлделі орын алған спортшыларға Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының грамотасы, «Армия спортының туын биік ұста!» медальі табыс етіліп, ауыспалы кубок бірінші орынды еншілеген Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасына табысталды.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі