Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сызықтық теңдеулер және сызықтық теңсіздіктер


25 марта 2011, 07:50 | 5 020 просмотров


Мақсаты: 1. Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу, алған білімдерін жинақтау, сызықтық тендеулерді және сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерін есепте қолдану дағдыларын қалыптастыру

2. Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жумыстануды дамыту

3. Өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз Отанына, еліне сұйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтын түрі: қорытынды сабақ

Көрініліктер: ауызша есептерге плакаттар, спорт түрлеріне арналған сүреттер, плакаттар, жеке карточкалар, өзін өзі бағалау дәптері, қанатты сөздер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: сәлемдесіп оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру: /көршіңді тексер/ әдіс арқылы.

ІІІ. Мотивация: кроссворд шешу

1.Әріптері бірдей қосылғыштарды қалай атаймыз?

2.Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірден кейін басталса оны ..... деп атайды/таза/

3.Бүтің сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны ..... деп атайды /рационал/

4.Алгебралық өрнектегі әріпті ......... деп атайды /айнымалы/

5.Түбірлері бірдей теңдеулерді, теңсіздіктері.......... деп атайды /мәндес/

6.(а ; в) мына аралықты ..........деп атаймыз /интервал/

(кесте қысқартылды. ред.)

Астанада Алматыда өткен қысқы Азиада елімізге үлкен абырой акелді. Отанымыз құатты мемлекет екендігін дүние жүзіне ҮІІ Азиада арқылы танытып жатыр. Бұл барша қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды. /10-а сынып оқушыларына сөз беріледі/

Бүгінгі ашық сабағымыз Азиадаға арналады . Сабағымыз жарыс сайыс түрінде өтеді. Үш топқа сыныпты бөлу.

ІҮ.Сайыстын бірінші турі

1.Коньки спорты /ауызша есептер/

2. Теңсіздіктердің шешімдерін тап (кесте қысқартылды. ред.)

Жарыс қайда өтті? /Медеу аланы/

Осы спорт жарысы бойынша біздің спортшылардан кім жүлделі орынға ие болды?

Ү. Тау шаңғысы /теңдеулер шығару/ «Шымбулақ» спорт базасында өтті. Спорттық құлдилау трассасының ұзындығы 3500 метр болса, ал шаңғы жолының орташа ені қанша болатының теңдеуді шығарғаннан кейін білесіндер./25м/

І. топ ІІ. топ ІІІ. топ

9,5х -25=4,5х +100 5х – 13 =12 +4х 13х – 85= 11х -35

Осы сайыста кім алтынды иеленді ?

ҮІ. Фристайыл жарысы /капитандар сайысы/

«Табаған» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті.

Спорт кешені Алатаудың баурайында орналасқан. Ірге тасы 5 жыл бұрын қаланған.Спорт кешені қанша гектарды құрайтының теңдеу шешу арқылы көрсету. (кесте қысқартылды. Ред)

ҮІІ. Шайбалы хоккей / топпен жұмыс/ -Алматы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы. Женіске жеткен команданы білесіндер ме?

1.Теңсіздіктердің шешімін табу. (кесте қысқартылды. ред)

2. Теңдеуді шешіндер / «Азиада» олимпиадасында жүлделі орындарының санын анықтау/ (кесте қысқартылды. ред)

ҮІІІ. Сабақтың қорытындысы:

І. Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

ІІ. Баға қою.

ІХ. Үйге тапсырма: № 1047, 1051, 1057.

Мурадасилов Маматқұл:

Туған жылы: 1949ж

Білімі: Жоғары, Киров атындағы МПИ,

Мамандығы: математик пәні оқытушысы

Еңбек өтілі: 41 жыл

Санаты. Бірінші санат

Автор:
М.МУРАДАСИЛОВ математика пәні мұғалімі, МДШО Қаратал орта мектебі Ескелді ауданы, Қаратал ауылы