Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР


25 марта 2011, 07:47 | 5 472 просмотра



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қысқы ойындар түрлерімен таныстырып, оны жете меңгеруге үйрету.

Міндеттері: 1.оқушыларға жаңа қимыл-қозғалыс түрлерін жасау тәсілдерін үйрету, саптағы барлық таныс бұйрықтарды орындауды меңгерту;

2.қимылды ойындар ойнау барысында балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлығын дамыту;

3.дені сау, шыныққан азамат тәрбиелеу; спортқа, салауатты өмір салтына қызығушылық пен сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ;

Сабақтың әдісі: жарыс, ойын, сұрақ-жауап, әңгіме;

Көрнекіліктер: қақпа-таяқ, доп, мультимедиалық тақта;

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлімі.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Кезекші есебі. Тақырыпты түсіндіру.

2. Саптағы жаттығулар. Оңға! Сол-

ға! Айнал!

3. Сапта тұрып, санау арқылы екі топқа бөліну.

4. Сапта тұрып, санау арқылы үш топқа бөліну.

II. Дайындық кезеңі.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

( мойын, иық, қол, дене, бөксе, аяқ бұлшық еттерін жетілдіру)

1-ж. Екі аяқты иықтың кеңдігі мөлшерінде ұстап, қолды белге қоямыз, басты оң иық пен сол иыққа кезек тигізу; еңкейіп, иекті кеудеге тигізу, шалқайып, шүйдені арқаға тигізуге әрекеттену. (4 рет)

2-ж. Екі аяқты алшақ қойып, қолды екі жаққа созып, қолдың басын айналдыру. (4-6 рет)

3-ж. Екі аяқты алшақ қойып, екі қолды иыққа ұстап, жоғары созу және бастапқы қалыпқа келу, қолды иықтан екі жаққа созып, қайта бастапқы қалып-

қа келу. (4-6 рет)

4-ж. Аяқты алшақ қойып, қолды иыққа ұстап тұрып, шынтақты алға және артқа қарай айналдыру. (әр жаққа 6-8 реттен)

5-ж. Екі аяқты иықтың деңгейінде алшақ қойып, бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. (4-6 рет әр жаққа)

6-ж. Екі аяқты алшақ қойып, қолды белге ұстап, бөксені оң және сол жаққа айналдыру. (4-6 рет)

7-ж. Аяқты иықтың кеңдігінен алшақтау қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстаған қалыпта оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. «Диірмен» (6-8 рет)

8-ж. Тік тұрып, екі қолды жоғары көтере шал-қайып, қайта бастапқы қалыпқа келу, еңкейіп, аяқтың ұшына тигізу, отыру, тұру. (4-6 рет)

9-ж. Бір орында тұрып жеңіл жүгіру жіне жүру. (1-2 мин.)

10-ж. Екі өкшені қосып ұстап тұрып, қолды жоғары көтере созылып, дем алу; қолды төмен түсіріп, дем шығару. (3-4 рет)

III. Негізгі бөлім.

1. Балалар, біз денемізді қыздырып, жаңа сабаққа дайынбыз. Кім маған айтады, жақын арада біздің елде қандай үлкен спорттық шара өтті?

Нешінші қысқы Азия ойындары өтті?

Иә, 7-ші қысқы Азия ойындары өтті. Осы ойындарға жан-жақтан, 169 елден спорт шеберлері келді. Олар өз өнерлерін көрсетті. Біздің Қазақстан спорт шеберлері ең жақсы нәтиже көрсетті, 70 медаль қоржынымызға алып түсірді. Оның ішінде – 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальдері.

2. Балалар, қалай ойлайсыңдар, денің сау болу үшін не қажет?

Иә, спорт-денені сауықтырады, шынықтырады, егер сендер осы кезден бастап темекі шекпей, ішімдікке әуес болмай, нашақорлыққа жоламай, салауатты өмір салтын ұстап, спортпен шұғылдансаңдар осындай жарыстарға қатыса аласыңдар.

Қандай қысқы ойын түрлерін біле-сіңдер? (слайдтан көрсету: шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу, хоккей ойнау).

3. Балалар, сендер хоккей ойнадыңдар ма? Оны қалай ойнайды? ( қақпа-таяқ пен допты пайдаланып екі командаға бөлініп ойнайды).

Ондай болса бізде екі топқа бөлініп тұра қалайық, топ басшысын сайлайық. Эстафеталық ойындар ойнаймыз.

1.«Хоккейшінің допты дұрыс алып жүру тәсілі » ойыны.

Шарты: Допты қақпа-таяқпен кегляларды құлатпай арасынан өту керек.

2.«Нысанаға дәл тигізу » ойыны.

Шарты: Доппен дәл тигізіп кегляны құлату керек. Дәл тиіп құлаған кегляға бір ұпай беріледі.

3.«Себетке қар лақтыру » ойыны.

Шарты: Қарды дәлдеп себет ішіне лақтыру керек. Әр дәл түскен қарға бір ұпай беріледі.

4. Ойындарды қорыту. Жеңімпаз команданы атап кету.

IV. Қорыту кезеңі.

Балалар, бүгінгі сабақта біз не істедік? Нені білдік?

Балаларға ақ парақ, қалам беру, өз-өзін бағалату.

Қағазды умаждап қар жасау. «Қар лақтыру » ойынын ойнату.

Сапқа тұру. Әр бала қолындағы қарды ашып, жазылған санды айтады. Бағалау. Саппен сыныпқа бару.

Автор:
С.Ж.АКЫЛБАЕВА, Облыстық көмекші мектеп-интернаты, дефектолог.