29 июля 2021, 12:44 | 769 просмотров
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті – С.Торайғыров кезінде «Балалықтың қанына ойын – азық» - деп, бекер айтпаған. Өйткені ойын кезінде бүлдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады. Ойын арқылы балалар оқуда да, еңбекте де шындала түседі, ол балалар үшін айналадағы дүниені танудың тәсілі болып табылады. Баланың ақыл – ойын ғана емес, ол дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді.
Ойынның негізгі мәні – балаларға қуаныш сыйлау екенің ұмытпайық, ой-ойыннан басталады. Демек, ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудіңпсихологиялық – физиологиялық негіздері болып табылады.
Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да оның мән – мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшіліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшіліктерін көркем бейнелер арқылы ашып береді. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын дамытуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстардыңбірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына уйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткерлердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі – ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал ол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, іздемпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтын түйсігі мен әсері адамның көніліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруғамүмкіндік бере алады. Сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын дамытуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстардың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткерлердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғынысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көз-қарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлт ойындарымыз: тоғыз құмалақ, асық ойындары және т.б. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері де айтылады. Жалпы,ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Ойыннан күлкі мен жақсы көңіл-күй пайда болады, ал күлкі – өмірді ұзартады. Болашағымыз жарқын болу үшін – балаларымыздың ойындарына аса назар аударып отыру қажет!