Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жыл басы – Наурыз»


25 марта 2011, 07:46 | 3 225 просмотров


Мұғалімнің алғы сөзі: Жер әлемді жайнатып , әнші құстарды сайратып , Наурыз тойын тойлатып , Ұлыстың Ұлы күні келді , достар! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!.

Айдос: Ассалаумағалейкум.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ануар: Уағалайкумассалам!

Ұлыс оң болсын!

Пәле-жала жерге енсін!

Екі оқушы амандасады.

Ән: «Наурыз» орындалады.

Айнұр: Уа, халайық , халайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке , бұл тойдың

Шашуларын шашайық.

Шашу шашылады.

Шырын: Армысыздар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Наурыз тойын бой жазбай

Жаңа жылды қарсы алайық!

Сымбат: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарқанға елімнің

Береке , ырыс сыйлашы.

Ән: « Наурыз біздің жаңа жыл».

Әнім де саған , биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлаған еліме

Күлімде , Наурыз , күлімде.

Күн мен түн теңелді.

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Көрініс: Күн мен түн шығады ортаға.

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін .

Түн: Ал , ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмендер тек жылап.

Енді айтыс өнерін тамашалаңыздар.

Айтысқа ортаға Айгүлмен Алмас шығып айтысады.

Екеуі бірге: Оу, халайық, халайық

Әлем әнге салайық.

Наурыз тойын көнілді

Бірге қарсы алайық .

Алмас: Меніменен айтысар

Қыз құрбылар қайсың бар?

Қолдан келсе әзілдеп

Маған сынды айтыңдар.

Айгүл: Айтысуға өзіңмен

Шығып тұрмын алдыңа .

Күн аттарын білмеуші ең

Жаттап оны алдың ба?

Алмас: Құрбым, кімге күлесің

Өзің нені білесің ?

Онға дейін қиналып

Санай да алмай жүресің.

Айгүл. Бәтеңкеннің бауын да

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе, жейдеңді

Теріс қарай қиюші ең ?

Алмас: Олпы-солпы кигенің,

Ойыңда не түйгенің

Намсыма құрбыжан,

Наурыз күні тимегің.

Екеуі: Ұлы Наурыз бәріңді

Татулыққа шақырған.

Тоқтатпсақ айтысты

Сөз қалған ба ақыннан.

Ортаға жас шыбық әкеліп, оған алғашқы

Сауылған сиыр сүтінің уызын түбіне құяды. Ағың құнарлы болсын, аспанымыз ашық болсын, ақ мол болсын! деген ниет орындалады.

Қызыр ата бата береді: Армысыздар, жәмағат! ( қолын жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы –уайым жоқ болсың!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин! ( бетін сипап бата береді )

Жазылбекова Бақытгүл Несіпбекқызы.

Туған жылы:1966 жыл

Білімі: Жоғары, Өскемен Пед Институт

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 23 жыл

Санаты: 12 санат

Автор:
Б.Н.ЖАЗЫЛБЕКОВА, Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының бастауыш сынып мұғалімі, Ақсу ауданы