Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған гарнизонында ардагерлермен кездесу өтті


2 августа 2021, 05:38 | 1 022 просмотра



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Самат Төлепбаев Талдықорған гарнизонына арнайы келді.

Қолбасшының орынбасары Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, жеке құраммен санаты бойынша сұхбат жүргізді және сыбайлас жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, әскери тәртіп бойынша ескертіп, түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, жұмыс бабымен келген лауазымды офицер Талдықорған гарнизонының Ауған, Тәжік-Ауған, Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлерімен кездесіп, онда жастармен әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары барысы туралы және проблемалық мәселелер жөнінде әңгіме өрбітті.

-Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әскерилердің моральдық жәй күйі басты назарда болуы тиіс. Әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік даярлығы, қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы үшін барлық кездесетін келеңсіздіктермен тез арада нәтижелі күрескен жөн, – деді ұжыммен кездесу барысында полковник Самат Төлепбаев.

Сапар соңында Талдықорған гарнизонының әскери бөлім командирлеріне әскерлердің күнделікті қызметтік іс-шараларының сапалы орындалуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Автор:
кіші сержант Еламан САЙЛАУОВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің сержанты