Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ»


8 октября 2009, 06:23 | 2 036 просмотров


Мұғалім – озық ой мен шынайы практиканың иесі десек, мақсат түпкі нәтижеге қол жеткізу. Ал түпкі нәтиже - ол білім сапасы. Осылай деп қорытсақ, жаңа талаптар деңгейіне сай келу – ұстаздар қауымының халық алдындағы төл міндеті.

Біздің мақсатымыз: «Оқушылардың бойына азаматтық белсенділікпен білім сапасын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру».

Пән мұғалімдері оқушыларға математика пәнін оқытуда төмендегідей талаптарды қоя отырып, жұмыс жүргізіп жатыр.

1.Тақырыптағы, мәтіндегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құрабілу.

2.Материалдарды мағыналық топтай, конспект жүргізе және ой-пікір бере білу.

3.Математикалық терминологияларды түсіне және негіздей білу.

4.Ауызша және жазбаша математикалық тілде сөйлеуді меңгеру, математикалық символдармен белгілеулерді дұрыс қолдана білу.

Математика, ең алдымен оқушыларды дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі. Пәнді оқыту, қазіргі заман талабына сай білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздксіз үрдісі екені белгілі.

Оқушыларымыз математика пәні бойынша қалалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болды. Олар: 9-сынып оқушысы : Тұрғанбекова М., (пән мұғалімі: Тұяқбаева Ж.Ш.), 8 сынып оқушысы: Данабаева Г., (пән мұғалімі: Барлыбаева С.А.), Кіші ғылыми Академиясына 8 сынып оқушысы – Абдрахманқызы Айдана (пән мұғалімі: Шакенова Н.Е.), «Кейбір сандардың бөлінгіштігі» тақырыбын зерттеуде өз үлесін қосты.

Мұғалімдер оқушыларға білім беруде тек кітаптағы жаттығуларды орындатып қоймай, қосымша тапсырмалар беру арқылы оқушылардың математикаға қабілетінің қаншалықты екенін анықтап отырады. Себебі бұл кезде оқушыда мұғалімнің әдіс-тәсілін үйреніп қалыптасады. Көбінесе оқушылардың өз бетімен жұмыс істегені дұрыс, шығармашылықпен жұмыс істей отырып математиканың мазмұнын ашамыз. Осындай сарапқа сай қызмет істеу үшін алдымен, мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметінің жемісі оқу-тәжірибе жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің көтеріңкі талабына үн қосады.

Автор:
А.С. Барлыбаева № 25 орта мектеп. Талдықорған қаласы