Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектепке барар күн жақын


23 августа 2021, 06:27 | 1 081 просмотр


Бірінші қыркүйекте елімізде 3,4 миллион бала мектепке барады. 2021 жылы Қазақстандағы мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру. 1 қыркүйектен бастап барлық оқушы пандемияға дейінгідей дәстүрлі форматта оқиды. Алайда мектеп ішіне тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, мұндай қадам педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналардан инфекция таралуының алдын алу үшін жасалып отыр. 

Ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің барлығы коронавирусқа қарсы екпе салдырған болуы керек. Мектеп ұжымы 25 тамызға дейін толықтай вакцина алуға тиіс. Медициналық тұрғыдан екпе салғызуға қарсы көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырған адамдар ғана вакциналаудан босатылады.

Білім министрлігі оқу мекемелері үшін жаңа ереже енгізді. Сондықтан мектеп мына талаптарды сақтауы керек:

- оқушылар мен мұғалімдердің бетперде тағып жүруі;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің дене қызуын тексеру;

- қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бөлмелерде дезинфекциялау және кварцтеу жүргізу;

- білім беру мекемесін дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау;

- мектептің жобалық қуаты мен оқушылар санын есепке ала отырып, жұмыс режимі мен ауысымды алдын ала анықтау, оқу процесін әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұйымдастыру;

- оқушыларды кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы асханада отырғызу;

- сыныпта бір уақытта болатын адам саны 40-50%-тен (жобалық қуаттан) аспауы керек;

- дәліз бен тамақтану бөлмесінде балалардың шоғырлануын болдырмау үшін қоңырау мен асханаға бару уақытын түрлі уақытта ұйымдастыру;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында бетперде тағу режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

- бір сыныпты бір кабинетте оқыту;

- бұқаралық, мәдени және спорт шараларын өткізуді шектеу;

- сабақ кестесін санитарлық талаптарды есепке ала отырып дайындау.

2021 жылы Қазақстан мектептері алты күндік оқытуға көше ме

Қазақстанда бес күндіктен алты күндік оқу күніне ресми түрде ауысу жоспарда жоқ. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхан Аймағамбетов айтты.

Алайда, егер жекелеген білім беру мекемелері карантин шектеулері есебінен бес күндік форматқа уақытты сәйкестендіре алмаса, онда сенбі күндері сабақ өткізулеріне болады. Мұндай жағдай Қазақстан мектептерінде бұған дейін де болған.

Білім министрлігі аптасына бес күн оқуға кеңес берді. Себебі мұндай оқу процесі балаларға да, педагогтерге де ыңғайлы.

Қазақстанда 2021 жылы мектеп формасы қажет пе

2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылар мектеп формасынан босатылды. Форма киген абзал, алайда ата-ананың мүмкіндігі болмаса, балаларға классикалық стильдегі киіммен де мектепке баруына болады.

Автор:
Шалқар Оразбаев, Талдықорған қ. «№14 орта мектеп-гимназия» КММ-нің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары