Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


24 августа 2021, 07:15 | 1 122 просмотра



Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен  қаруландырып  қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік  тудыру. Бiлiм  беру саласында инновациялық  үрдiстi  жүзеге асыру  мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi  талап  eтедi.Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігі. Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиялары қажет. Осыған орай мен өз жұмысымның моделін «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» тақырыбымен байланыстырып алдым.

Жұмыстың өзектілігі:

Әлем өзгерді, мектеп өзгерді, мұғалім, оқушы өзгерді және

оқыту тәсілдері де үнемі өзгерісте...

Жұмыстың мақсаты:

Информатика сабағында ІТ технологияларын қолдану арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін арттыру

Осы әдістемелік тақырыппен жұмыс жасау барысында мен өзіме «Нені өзгерткім келеді? және «Өзгерістерді қалай басқарамын?» деген сұрақтарды қойдым. Нені өзгерттім? Ең алдымен мұғалімдік ұстанымды өзгерттім. Ал,мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс - әрекетінің негізі. Өзгерістерді қалай басқардым? Ең алдымен құндылықтарды анықтадым, өзгеріс енгізуге қатысты әріптестердің кеңесіне жүгіндім, содан кейін атқарылатын жұмыстардың жоспарын құрдым.

Ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану: оқыту үдерісінің  аясын кеңейтеді, оның практикалық бағыттылығына себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға  деген уәждемелерін көтереді.

Осы тұжырымның негізінде мен 2020-2025 жылдарға арналған  өз жұмысымның моделін құрастырдым. Атап айтсам:

  1. Электрондық білім беру ресурстары
  2. «Күшті монтаж» бейнемонтаждау курсы
  3. Power-Point бағдарламасымен жаңа дизайн
  4. iSPRING SUITE 10 бағдарламасында электрондық оқулық құру
  5. Taplink, Tilda сервистері арқылы оқу үрдісіне арналған сайттар құру
  6. «Информатика – ағылшын тілінде» элективті курсын электрондық глоссарий арқылы оқыту

Осы аталғанжобалардыңішіндебасымдықты «iSPRING SUITE 10бағдарламасында электрондық оқулық құру» жобасына бердім. Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.Бұл тапсырмалар  оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Менің Сіздердің  назарларыңызға ұсынып отырған «iSPRING SUITE 10бағдарламасындаэлектрондық оқулық құру» тақырыбындағы жобам оқу үрдісіндегі барлық пәндерге қолдануға болады. Өзінің сабағын қызықты жоспарлағысы келген әр пән мұғалімі пайдалана алады. Бағдарламаның интерфейсі басқа пән мұғалімдеріне  қиындық туғызуы мүмкін. Осыған орай мен өз тарапымнан вебинарлар арқылы үйретуге дайынмын.

iSPRING SUITE 10 – POWER POINT бағдарламасын пайдаланып электрондық оқулық, оқыту курстарын құруға арналған кәсіби құрал. iSPRINGкөмегімен бірнеше кезеңдегі оқыту курстарын құруға және интернет желісіне жариялауға болады. Электрондық оқулықтың немесе оқыту курсының  құрылысына келесі кезеңдер кіреді:

  • Аудио және бейне қолдау жасау;
  • Интербелсенді тесттер құру;
  • Интерактивті блок құру

iSPRING SUITE 10бағдарламасының мүмкіндіктері

Осы мүмкіндіктердің ішінде ең кеңінен қолданылатын түрі - iSpring QuizMaker. iSpring QuizMaker-бұл мобильді құрылғыларда көруге болатын суреттерді, формулаларды, аудио және бейнелерді қолдана отырып, кәсіби тесттер мен сауалнамалар жасауға арналған ыңғайлы қосымша.

iSpring QuizMaker қосымшасында 14 түрлі интербелсенді тапсырмалар құруға болады. Төменде интербелсенді тапсырмалардың бірнеше үлгісі көрсетілген.

Қазіргі уақытта осы жобамды мектебіміз қатысып жатқан Республикалық  «Табысты мектеп акселераторы-2021» жобасы бойынша, «Болашақтағы сандық  цифлры мектеп» атты жобасына ұсынып, жоба аясында дамытып жатырмын. Былтырғы оқу жылында қала мектептерінің мұғалімдеріне вебинар ұйымдастырып, осы жобамның тиімді тұстарын атап өттім.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Осы жоспардың нәтижесінде мен «IT-оқушы» қалыптастырамын деп ойлаймын.

Автор:
БАҒЛАН СЕРІК, №15 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Талдықорған қаласы, Алматы облысы