24 августа 2021, 09:09 | 1 209 просмотров
Жетекші мектептердің негізгі де басымдық беретін қызметі- серіктес мектептерге қолдау көрсету. Жетекші мектептердің басты ұстанатын қағидаттары білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму. Жетекші мектептердің қызметі тек жетекші мектеп үшін ғана емес, қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталықтардан басталған жүйе ынтымақтастықта жүзеге асса және тек орындаушылық жүйеде ғана емес, бастамшылдыққа басымдық берген кезде ғана қорытынды туралы жақсы жетістіктерге жетуге болады. Бұл қызметтің түрлерін ұйымдастыруда жүйе мен жауапкершілік болуы шарт.
Бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби қоғамдастыққа бірігіп, бірлесіп жүргізген зерттеулері барысында өздері жауап алғысы келген сұрақтары біртіндеп шешімін таба бастады. Мәселен, жетекші мектептің серіктес мектептермен бірлескен зерттеуді ұйымдастыруы жұмысының бағытын айқындап, жоспар жасалды. Тәжірибе алмасу бағытында апта сайын zoom платформасында жетекші мектептердің жетекшілерімен вебинарлар өткізіп, тәжірибе алмасып отырдық.
Қазіргі қашықтан оқыту жағдайында кездескен кедергілерді жою мақсатында бірлескен зерттеу сұрағымен жұмыс жасау қажеттілігі туындады. Осыған орай Талдықорған қаласында 9 жетекші мектеп бекітілген серіктес мектептерімен бірлескен зерттеу жұмысын жүргізуде. Бірлескен жұмыс жасау барысында қысқа мерзімді «Қолжетімді мақсат» жобасы іске асты. Жобаның негізгі мақсаты білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында білім беруді геймификациялау бойынша педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу болды.
Жобаны іске асыру 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең: 2020 – 2021 оқу жылының III- тоқсаны. «Месседж» бұл кезеңде алдыға қойған мақсаттар мен белгілі нәтижеге жету үшін жеткізгің келген ойды, идеяны хабарлап, ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды; 2-кезең- Каникулдық мектеп «Фендом» ортақ топтардың бірігуі жүргізілді және 3-кезең- IV - тоқсан «Фидбэк» жүргізілген мерзімде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, кері байланыс берілді.
Жоба бойынша белгіленген жұмыстың негізі- «Геймификация арқылы білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын қалай толықтыруға болады?» зерттеу сұрағымен жұмыс жасалды.
Зерттеу жұмысының алгоритмі ретінде бірнеше қадам айқындалған болатын: 1-қадам: Білім сапасына сараптама жасау; 2- жалпы олқылықтарды анықтау; 3- мұғалім,оқушы қажеттілігі; 4- жоспарлау; 5-тәжірибеде жүзеге асыру; 6-нәтижені талдау , қорытындылау.
Аталған әр қадам бойынша талдау жасалды. Алдымен білім сапасына сараптама жасалып, келесі қадам тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының мониторингісі жасалды, төмен сапа көрсеткен пәндер анықталды және жиынтық бағалау нәтижесіне сараптама жасалып, қиындық тудырған оқу мақсаттары анықталды. Осы идея негізінде қоғамдастықтың бірегей үлгісі ретінде таразыны алдық. Таразыны тең ұстап тұру үшін білім сапасының көрсеткіші- қалыптастырушы бағалау, БЖБ мен ТЖБ нәтижелерінің тең дәрежеде болуы қажет. Осыған сай жұмыс та 3 бағытта: оқушы, мұғалім ата-анамен жүргізілді.
Мектептің әдістемелік бірлестіктері оқу пәндері бойынша білім алушылардың (1-11-сыныптар) оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарын анықтау бойынша отырыстар өткізді. Педагогтерге жекеленген тақырыптарды өтуге бөлінген сағаттарды қысқарту және күрделі тақырыптарды өтуге бөлінген сағаттарды көбейту бойынша ұсыныстар жасалып, ұсынымдар әдістемелік бірлестіктердің шешімдерімен бекітілді.
Педагогикалық кеңестің шешімі негізінде білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленіп, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілді. 3-қадамда жұмыс жоспарын құруда анықталған олқылықтарды жою мақсатында мұғалімдер мен оқушыларға қандай көмек қажеттілігі анықтау үшін сауалнама алынып, психологтардың қолдауымен диагностика жасалды. Әртүрлі платформа арқылы оқушылармен тікелей диалог жүргізіліп, кері байланыс алынды. Үштік одақ бойынша әрқайсысымен сұхбат жүргізілді. Бірнеше айқындалған қадамдар жасау арқылы біз белгілі бір нәтижеге, көзделген мақсатқа жеттік деп сеніммен айта аламыз. Білім алушылардың ата-аналарымен жеке әңгімелесу және ата-аналар үшін кеңестер беру, құзыреттіліктерін арттыру бойынша тренингтер өткізу жұмыстары жүргізілді. 3-қадам «Тепе- тең қызмет» деген атаумен жүзеге асты, мұнда идеяның өзгешелігі білім беруде ойын әдістерімен ақпаратты қызықты етіп беруге көмектесу, қабылдауды жеңілдету арқылы кедергілерді жоюда педагогтармен коллаборативті орта құруға бағытталды. Аталған жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып, қажеттіліктер бойынша жұмыс жоспары құрылды. 4-қадамда нақты жоспар жасалса, 5-қадам жоспарды тәжірибеде жүзеге асыру болды. Жоғары оқу орындарының студент-тәлімгерлері, үлгерімі жақсы жоғары сынып оқушылары қатарынан тьюторлардың жұмысы ұйымдастырылды. «Фендом» каникулдық мектебінде білім алушылардың ата-аналарымен келісе отырып, демалыс күн мектептерін, ұзартылған күн сабақтарын және каникул кезіндегі мектебін ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Қиындық тудырған оқу мақсаттар бойынша жұмыс мектепішілік бақылауға қойылып, жетекші мектептер серіктес мектептерімен вебинар-практикумдар өткізіп қала, облыс көлемінде іс-тәжірибе алмасу жүргізілді. Соның дәлелі ретінде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық вебинарда М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің директоры Маденова Алия Бакытбековна «Қашықтан мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында іс-тәжірибесі бөлісті.
Нәтижесінде:
Қорыта айтқанда, олқылықтарды анықтап, қажеттіліктерді жоюда бес жұлдыз тәріздес бірлескен жұмыс арқылы ғана нәтижеге жете алатынымызға көзіміз жетті. Жұлдыздың ешқашан бір бұрышы ғана жарқырамайды, сол сияқты мақсатта жетуде бір жақтың жұмысы ғана нәтиже әкелмесі анық.
Биылғы жаңа 2021-2022 оқу жылында бұл жоба жалғасын таппақ.