Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Пандемия мен шектеу шараларындағы олқылықтарды жою үшін жазғы мектеп


24 августа 2021, 09:13 | 845 просмотров



Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5-мамырдағы бұйрығы негізінде пандемия және шектеу шаралары жүргізілген кезіндегі олқылықтарды жою мақсатында жазғы мектеп 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылды. Жазғы мектеп кезінде ата-аналардың келсімімен,оқушылардың өз қалауларымен 44 оқушы сабақтарға қатысты. Оқушылардың оқуға деген ынтасын ашу мақсатында сабақтар әртүрлі форматтарда ұйымдастырылды.

Мысалға, табиғат аясында,коворкингте,таза ауада сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, жазғы мектеп кезінде «Жеті жарғы» дебат клубы өз жұмысын жалғастырды.Аталмыш дебат клубқа барлығы 10  оқушы қатысып ,соның нәтижесінде шәкірттеріміз жұрт алдында қысылмай емін-еркін сөйлеуді үйренді. Білім ордамыздағы тағы бір жағымды жаңалық «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының өздерінің жаңа жобасына біздің мектебімізді таңдап алуы. «Qazaqstan»  Ұлттық телеарнасының «Тыңда.Таңда» әлеуметтік-танымдық жобасы үш бағытты қамтып өтті. Жобаның нәтижесінде мектебіміз танымал журналистермен, спикерлермен,дизайнермен,полиглотпен жаңа оқу жылында интектуалдық серіктес болады. Алдағы уақытта педагогтармен, шәкірттерімізбен серіктестеріміз тегін курстар өткізеді. Жаңа  2021-2022 оқу жылына біз оқушыларымызды жаңа идеялармен,жағымды жаңалықтармен асыға күтудеміз. Мектебіміздің педагогтары қазіргі таңда Республикалық-Облыстық Тамыз конференциясының секция жұмыстарына қатысып,әдістемеліп көмек алып,өздерінің ойларында жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алуда. Жаңа оқу жылының ең басты ерекшелігі:

  1. 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі»,Букварь», «Обучение грамоте» , «Цифралық сауаттылық» пәндерін енгізу.
  2. 20 минуттық кітап оқуын ұйымдастыру.
  3. Ерте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу.
  4. 6-сыныпқа домбыра тартуды үйрету.

 5.«Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру. Гүлденген жаңа мектебімізде коворкинг центр, 23 орта мектеп ұжымы табысты мектеп акселераты атты басқару командасындағы көшбасшылық эксклюзивті қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курсқа Алматы облысы бойынша 45 команда қатысты. Осының нәтижесінде  мектеп ауласына орналастырылған көкөністер өсірілген бақша зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіншіліктер береді.

2021-2022 оқу жылына жаңа мақсаттармен,тың идеялармен,жаңа жоспарлармен оқушыларымызды асыға күтудеміз.Шәкірттерімізді  қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ұстаздар қауымы 100 % пайыз екпе алды. Жаңа оқу жылында баршаңызға сәттілік пен табыс, дендеріңізге саулық тілейміз.

 

Автор:
А.Т.Мусекенова, “Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі”ММ “№23 орта мектеп” КММ директоры