24 августа 2021, 09:19 | 1 108 просмотров
« ... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жылтырай да жарқырай береді»
Қ.Сәтбаев
№15 орта мектептегі білім берудің басты бағыты - жаңа уақыт талабына лайық жаңаша білім беру болып табылады. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ.
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі . Жаңашылдықпен жұмыс жүргізу мақсатында 2020-2021 оқу жылында мектеп әкімшілігі және мектеп тренерлері Республикалық «Акселератор успешных школ» бағдарламасына қатысып, оқып «Цифровая образовательная среда в школе наступившего будущего» ( Сандық білім беру ортасын құру - болашақ мектептің басты көрсеткіші) атты жобасын сәуір айында қорғап шықтық. Бұл жобаны алғанымыздың басты себебі, оның өзектілігінде болды. Өйткені «Әлем өзгерді, мектеп өзгерді, педагог пен оқушы да өзгерді, білім беру ісі де өзгеріске түсті».
Сандық білім беру ортасының моделін құру (2021-2025 жж.) - бұл жобаның басты мақсаты. Жобаның міндеттері төмендегідей:
Жобаны бастамас бұрын , әлемдік трендтермен, дүниежүзілік сандық білімді дамыту жолдарымен танысып өттік.
Атап айтсам, Алматы қаласындағы Codeway.kz мектебі – болашақ IT мамандарын оқытудың негізгі орталығы, Astana IT University – Орталық Азиядағы сандық трансформациялау бойынша құзыретті жетекші орталығы, Ресейдегі STEM Academia мектептерде білім беру ісінде инновациялық шешімдерді құру және енгізу бойынша қызмет атқаратын халықаралық дәрежедегі ғылыми-өндірістік орталығы, Ресей электронды мектебі – мектепте өтетін сабақтардың толық курсы, мұғалім мен оқушыны біріктіретін ақпаратты білім беру ортасы, Нұр- Сұлтандағы «Alem» мектебі – дәрістер мен мұғалімі, бағалауы жоқ мектептерінің тәжірибесімен. Жобаны жүзеге асыратын топ құрамы : Кертаева Лязат Сагатбековна, Нурсалимова Гульжан Нурсалимовна, Тазабекова Анар Нурмухамедовна, Абишева Гулим Алетаевна , Абидоллаева Гульмира Балтабаевна , Арынова Лаура Туржигитовна , мектеп тренерлері мен информатика пәнінің ұстаздары. Мектеп педагогтары 6 бағытта жұмыс атқарады: педагог – ментор – 15% (Мақсаттар бойынша сүйемелдеу: болашақты, түрлі көкжиекті ойлау әдісін қалыптастыру , оқушының , менти-әріптестердің өмірінің дизайнын және сценарийін жоспарлайы), педагог – навигатор – 25% (Оқушының кәсіби бағдары дизайнына педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу жүргізеді), digital – педагог – 35%(Сандық дүниетанымды меңгеру, алдыңғы қатарлы технологиялық құзыреттілік, сандық көшбасшы құзыреттілігін бақылайды) , педагог – зерттеуші – 9 % (Талдаушы, болжаушы, модельдеу құзыреттерін меңгеруі), талдаушы – 8% (Ақылды» талдаушы (дәлелдеуші) құралдарын меңгеру, құрылымдау құзыретіне ие, өлшеу тәртібін қолдана алу , мәліметтермен жұмыс, талдаушы өнімдерді дайындау) , сарапшы – 9 % ( болжам жасау, бағалау, нормативті, зерттеуші, талдаушы қызметті сүйемелдейді).
IT – оқушымен /2022-2025 жж./жұмысты төмендегідей жоспарладық:
-Robostar оқушы /4-5 сынып/
Киберспорт оқу пәні\ тәртібі ретінде
-Бағдарламашы оқушы /6-7 сынып/
H5Р.org платформасында информатика бойынша электронды оқулық құру
-Беттеуші оқушы /8-9 сынып /
QR-кодты пайдалана отырып мектеп визиткасын дайындау
-Веб-дизайнер оқушы /10-11 сынып /
Web-дизайн негізіне оқыту әдісі
-Зерттеуші оқушы /10-11 сынып/
Ақпаратты қорғаудың заманауи әдістері.
Ал «STEM»технологияларды мектептің оқу жоспарына кезеңдерге бөліп енгізуді жөн көрдік.
-пәндік кабинеттерді құру: физика, химия, биология, география, робототехника, информатика, математика;
- Оқу жиһаздарын алу;
- Маркерлі тақта және флипчарттар;интербелсенді құрылғылар, проекторлар.
-бастауыш буын (2-4 сыныптар) /Releon Kids/ - 2022 жыл
-орта буын (5-8 сыныптар) /Releon Kids, Releon Point/ - 2023 жыл
-жоғарғы буын (9-11/12 сыныптар) / Releon Lite, Releon Classic/ - 2024 жыл
Жобаны іске асыру үшін әлеуметтік серіктестіктермен келісім-шартқа отырдық,бірлесе жұмыс атқарамыз. Олар (2020-2024 ж.ж):
2.І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті . «Сандық білім беру қорлары» курсы 25.03-16.04.2021 ж.
Волотерлік. Заманауи стратегиялар аспектісінде оқу процесінің сапасын арттыруға ықпал ететін мұғалімдердің сандық білім беру қорларымен танысуына көмектесу.
Жоба сәтті түрде іске асса , онда «СББО» моделі, сандық білім беру саласында кәсіби білікті педагог кадрлар, жеке сайттар, электронды оқулықтар, сандық контенттер құрылады. электронды «Сандық мектеп» корпоративті порталы,мектептің инфрақұрылымы,біздің оқушыларымыз- robostar, бағдарламалаушы, беттеуші, веб-дизайнер, зерттеуші- қазіргі заманда сұранысқа ие болып, педагогикалық практикаға электронды оқыту технологияларын енгізу қамтамасыз етіледі,білім сапасын басқару процесі автоматтандырылады,оқушылардың бойында сандық әлемде білім алу дағдысы қалыптасады, өзінің болашақ мамандығына арналған сандық жобаларды құру біліктілігі артады,педагогтердің біліктілігінің артуы қамтамасыз етіледі, мектеп қажетті инфрақұрылыммен жабдықталып, IT-сыныптар,сандық технология бойынша мектеп аймақтағы алдыңғы қатарлы 3 мектептің құрамына кіреді.
Әрбір ұстаз өз ісімен, шеберлігімен оқушыға жеткізе отырып, оны жан – жақты тәрбиелеп санасына құйып отырса, сонда қазақтың туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар саны артады.