24 августа 2021, 09:25 | 3 669 просмотров
Қазақстанның инновациялық экономикасының қалыптасуы жағдайында мемлекеттік басқару және нарықтық құрылымдар жүйесіндегі сияқты білім беру мекемелерінде де ұйымдастырушылық, басқарушылық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың мазмұны толығымен өзгеруде. Мұнда кәсіби басқарушы ретінде негізгі тұтқа менеджер және менеджмент болып табылады.
Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.
Инновациялық менеджмент дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарлату мен сақтау үшін қажет. Ол - жаңа өзгерістерді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.
Педагогикалық инновация педагогикалық білімнің ерекше саласы ретінде педагогикалық жүйелерді жұмыс күйінен даму жағдайына ауыстырудың тетіктері мен шарттарын зерттейді. Ол педагогикалық неология (педагогикалық жаңалықтарды құру), педагогикалық аксиология (педагогикадағы жаңаны қабылдау, бағалау және түсіндіру), педагогикалық праксиология (педагогикалық жаңалықтарды қолдану), инновациялық менеджмент (инновациялық процесті басқару) және өзге де мәселелерді бірыңғай тұрғыдан шешеді.
"Инновациялық қызмет" - инновацияларды жасау (тудыру, әзірлеу), игеру, пайдалану және тарату жөніндегі кешенді қызмет, яғни бұл инновацияларды жүзеге асыруға бағытталған қызмет. Ол инновацияларды, оқушылардың, педагог кадрлардың, ата-аналардың, қоғамның өзара іс-қимылын; материалдық-техникалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, кадрлық, әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету жағдайларын; қызметтің неғұрлым тиімді нәтижелеріне қол жеткізуді қамтиды.
Мектептің инновациялық менеджменті бүгінде басқарушылық міндеттердің кең спектрін шешуге арналған. Оның міндеттері-басқару объектісін тану және түрлендіру міндеті. Таным мен түрлендіруге ықпал ететін нақты міндеттердің ішінде деректерді жинау және өңдеу, басқару шешімдерін әзірлеу, басқарылатын процесті қалыптастыру және дамыту, тікелей орындаушылардың трансформациялық қызметін ұйымдастыру және т. б. міндеттерді бөліп көрсетуге болады. Білім беру мекемесіндегі инновациялық менеджмент мұғалімдердің инновациялық қызметке дайындығын қолдау және білім беру мекемесін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған басқару технологияларын жүзеге асыруды қамтиды.
Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше десек, мектеп басқарушылары мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлулері керек.
Әрбір білім беру ұйымының міндеті - білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.
Бұл міндетке қол жеткізу үшін менеджмент ғылымындағы басқарушылық еңбек функцияларын қолданамыз: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Аталған функциялар коммуникация және шешім қабылдау үдерістерімен біріктіріледі. Әр функцияларға тоқталсақ:
Осы тұрғыда орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында: «...білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту» басты назарда болатыны атап көрсетілген.
Мектеп қызметін басқару мектеп басшының мәдениетіне, оның технологиялары мен құндылықтарды құру, меңгеру және алға жылжыту қабілеттеріне тікелей қатысты.
Осы орайда “Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі” ММ-нің басшысы Барманова Роза Серікқызының, қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Садуақасова Мария Құрмашқызының басшылығымен «АРБ» (Адам ресурсатыр басқару)жобасынжүзеге асыру мақсатында Талдықорған мектептерінің директорлары бірлесе жұмыс атқаруда.Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда білім беру ұйымдарының арасында басқарушылық, серіктестік әрекеттерді қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру.
Адам ресурстарын басқару - мектеп басшыларына жеке және ұйымдық дағдыларын, білімдерін және қабілеттерін дамытуға көмектесу үшін негіз болып табылады. Ол басшы қызметкерлерді оқыту, мансаптық өсуі, өнімділікті басқару және дамыту, коучинг, тәлімгерлік, сабақтастықты жоспарлау, негізгі қызметкерлерді анықтау, оқытуға көмек және ұйымды дамыту сияқты мүмкіндіктерді қамтиды.
“АРМ” жобасы аясында “№2 орта мектеп” КММ педагогикалық ұжымы 2020-2021 оқу жылдары авторы Ж.М.Молбосынова мен Л.Ж.Байсованың «Білім мазмұнын жаңару жағдайында оқушылардың метапәндік құзіреттіліктерін қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік құралымен жұмыс жасау бaрыcындa білімгерлердің дaрa тұлғaлық қaбілеттерін, кәсіби әрекетін жаңашылдык талаптарға сай ұйымдастыру, әр пәнге қатысты тиімді жаңалықтарды пайдалана алу, кәсіби әлеуетін тaныту, әлеуметтік субъектілермен әрекеттесе алуды меңгерту cипaтындaғы жaттығулaр мен тaпcырмaлaрды cынaқтaн өткізді. Жұмыс нәтижесінде «Мұғалімдердің метапәндік құзіреттіліктерін қалыптастыру және метапән сабақтарын дайындау» атты қалалық әдістемелік-практикалық семинар ұйымдастырылып, озат ұстаздардың тәжірибесі таратылды.
2021-2022 оқу жылында педагогикалық ұжым “Жобалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру және функционалдық сауаттылықтарын дамыту” мәселесін жүзеге асыруда. “Полиглот” жобасына қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері мұғалімдері; “Физика және техника” жобасына информатика, физика және математика пәндері мұғалімдері; “Оқуға құштар мектеп” жобасына бастауыш сынып мұғалімлері; “Мен-зерттеушімін” жобасына география,Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдері; “Жаратылыстану” жобасына химия, биология, жаратылыстану пәні мұғалімдері; “Салауатты өмір салтын қалыптастыру” жобасына дене тәрбиесі мұғалімдері; “Мен”-ге апаратын баспалдақтар” жобасына психолог, әлеуметтік педагог мамандар мен сынып жетекшілері тартылды.
Қазіргі кездегі білім беру сапасы білімгерлердің түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан түйінді құзіреттілік түріндегі білім беру нәтижелері бойынша тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында метапәндік құзіреттілік танытуға қабілетті болу жетістіктерімен түсіндіріледі.
Метапәндік тәсіл білімнің пәндік түрін дамытудың үздік дидактикалық-әдістемелік үлгілерін өзіне таңдап жинақтаған. Осылайша, метапәндік тәсіл пәндер бойынша жеке-жеке берілетін білімнің қазіргі тәжірибесінен әлемді тұтас бейнелі қабылдауға, метақызметке көшуді қамтамасыз етеді.
Оқу іс-әрекетінің жан-жақтылығы пәнаралық, метапәндік сипатқа ие; тұлғаның жалпы мәдени, тұлғалық, танымдық дамуы мен өзін-өзі дамытуының тұтастығын қамтамасыз етеді. Әмбебап оқу іс-әрекеттері(ӘОӘ) оқу мазмұнын меңгеру және оқушының психологиялық қабілеттерін қалыптастыру кезеңдерін қамтиды.
Әмбебап оқу іс-әрекеттері (ӘОӘ) - жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы субъектінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қабілеті; білімгердің мәдени бірегейлігін, әлеуметтік құзіреттілігін, төзімділігін, жаңа білім мен іскерлікті өз бетімен меңгеруге қабілетін, оның ішінде осы процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін іс-қимыл жиынтығы.
Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пән сабақтарының ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, саралап, зерттеу жүргізіп, өзіндік ой тұжырым жасауына және өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуына, шығармашыл дамуына негіз болатын инновациялық әдіс.
Мектебімізде инновациялық бағытта жұмыс істейтін мұғалімдер саны ұжымның 66 % -ын құрайды. Мектеп ұстаздары оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде тиімді қолданады, олар - оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әрі жүргізудің катализаторлары. Кез-келген істі жүзеге асырудаоның бағдарламасы құрылады.Ал мектепті дамыту бағдарламасы проблеманы жүйелі шешу үлгісі бола алады.Осылайша мұғалімдердің қызметіне, көңіл-күйіне, қызметкерлердің мәнсаптық өсуіне, олардың болашақ жоспарларын талқылауға оң көзқарас танытып отырудың нәтижесінде мектебімізде жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, білім сапасы жыл сайын артуда. Мектеп ұжымы “Түркістан руханияты”, “Жаркент жаухазы”, “Көлсай” бағыттарында саяхатта болып, туған өлкемізге тағзым етті.
Білім беру технологиялары оқушы үшін жұмыс істеуі тиіс. Басқарудағы барлық мүмкіндік, күш-жігер шәкірттің ойдағыдай өсіп-жетілуіне жұмсалуы тиіс. Бүгінгі оқушының елдің ертеңгі азаматы екені басты ұстаным болуы шарт.
Бүгінгі қоғамның талаптарына сәйкес алдыңғы қатарлы мектептерде инновациялық үрдіс жақсы дамып келеді Бұл дегеніңіз – мектептегі оқу үрдісіне білім берудегі әлемдік озық істердің енгізілуі. Осы жаңалықтың ену нәтижесінде көптеген мектеп білім саласын едәуір жақсартты.
Оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін сан тарау өмір жолдары күтіп тұрады. Өкінішке орай, бірқатар түлек оқу ордасын тәмамдаған соң қандай кәсіпті таңдарын білмей алаңдайтыны бар. Осы жағдай орын алмауы үшін мектепте бағдарлы білім берудің алар орны ерекше. 5 сыныптан бастап мектеп оқушылары “Балалар және кәсіпкерлік” курсын, 10-11 сынып оқушылары “Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” курсын оқиды. Мұндай біліммен қаруланған оқушы мектеп бітірген соң кәсібін қиналмай таңдайды. Және қалаған оқу орнына түсуіне мүмкіндік туады.
Білім саласындағы инновациялық менеджментінің тиімділігі артып, нәтижесі көріне берері сөзсіз.