24 августа 2021, 09:30 | 1 347 просмотров
Талдықорған қаласы білім беру мекемелерінде қызмет етіп жүрген барлық ұстаздар мен қала жұртшылығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Әдетте әр оқу жылының өзіндік ерекшеліктері болатыны сияқты биылғы оқу жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңындағы мерейлі жылы басталғалы отыр.
Қадірлі ұстаздар қауымы!
Сіздер пандемия кезіндегі алдыңғы 2 оқу жылында ұстаздық еңбек жолының қаншалықты маңызды, жауапкершілігі зор екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер.
Әлем елдерімен қоса елімізге келген қауіпті індетпен күрес кезінде мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі ұстаздар үшін үлкен сынақ болды.
Ұлағатты ұстаздарымыз қиын кезеңге қарамастан, өз міндеттерін лайықты атқарып, сынақтан сүрінбей өтті. Қашықтықтан оқу кезінде мұғалімдеріміздің шығармашылығы артып, креативті ойлар, жаңа идеялар пайда болды, сабақ өткізудің жаңа әдіс-тәсілдері табылды. Олар кез-келген дағдарыстан мүмкіндік көре білетін шығармашылдықтың нағыз үлгісін көрсетті.
Биылғы оқу жылы да Сіздер жауапкершілікпен еңбек етіп, кез-келген қиындықты абыроймен еңсере біледі деп сенемін.
Ортақ Отанымыз Қазақстанның гүлденіп, дамуы жолындағы қиын да қызықты еңбектеріңізге үлкен жеміс, отбасыларыңызға бақыт-береке, өздеріңізге зор денсаулық тілеймін!