Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!


25 августа 2021, 05:35 | 1 433 просмотра



Сіздерді дәстүрлі Білім күніменжаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын. Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арманмақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашыпбілім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарынбүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда. 
Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұла болуы керек.   
Осы мақсатқа жету жолында  №14 орта мектеп-гимназиясының  ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі- өткен оқу жылының қорытындылары.

Білім министрлігі оқу мекемелері үшін жаңа ереже енгізді. Сондықтан мектеп мына талаптарды сақтай отырып, жұмыс атқаруы қажет:

- оқушылар мен мұғалімдердің бетперде тағып жүруі;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің дене қызуын тексеру;

- қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бөлмелерде дезинфекциялау және кварцтеу жүргізу;

- білім беру мекемесін дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау;

- мектептің жобалық қуаты мен оқушылар санын есепке ала отырып, жұмыс режимі мен ауысымды алдын ала анықтау, оқу процесін әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұйымдастыру;

- оқушыларды кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы асханада отырғызу;

- сыныпта бір уақытта болатын адам саны 40-50%-тен (жобалық қуаттан) аспауы керек;

- дәліз бен тамақтану бөлмесінде балалардың шоғырлануын болдырмау үшін қоңырау мен асханаға бару уақытын түрлі уақытта ұйымдастыру;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында бетперде тағу режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

- бір сыныпты бір кабинетте оқыту;

- бұқаралық, мәдени және спорт шараларын өткізуді шектеу;

- сабақ кестесін санитарлық талаптарды есепке ала отырып дайындау.

2021-2022 оқу жылында пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар мектеп формасынан босатылды. Форма киген абзал, алайда ата-ананың мүмкіндігі болмаса, балаларға классикалық стильдегі киіммен де мектепке баруына болады.

Бірінші қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі салтанатты шара далада өтеді. Мұндай салтанатты жиында бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" табысталады.

Бірінші сынып оқушылары бірінші және екінші тоқсанда осы кітаппен оқиды. Үшінші тоқсаннан бастап "Ана тілі" пәні енгізіледі. 

Құрметті ата-аналар! 
Білім саласында болып жатқан жахандандыру үрдісіне Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу–тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Мына білім бәсекесі заманында бірлескен енбегіміз баларымызды білім шыңына жетелесін.  
Құрметті ұстаздар! 
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін! 
Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңдар! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар!

Автор:
Ж.Т.Сансызбаева, «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қ. білім бөлімі»ММ-нің «№14 орта мектеп-гимназия»КММ директоры