Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады


27 августа 2021, 07:42 | 944 просмотра



Ағымдағы жылы қала әкімі Б.Молдахметов қалалық мәслихат хатшысы Н.Калиновскимен және қоғамдық кеңес мүшелерімен қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен қаладағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады.

Бірінші кезекте «Алатау» шағын ауданында салынып жатқан әкімшілік ғимаратынының жұмыс барысын көрді. Қазіргі таңда нысанда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Және де «Достық» шағын ауданындағы Әл-Фараби және Сейфуллин көшелерінде бой көтеріп жатқан 40 пәтерлі көпқабатты 2 тұрғын үйдің құрылыс аймағында болды. Қазіргі таңда Аль-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің қабырғаларының 3 қабаты қаланып, ішкі қабырғаларын монтаждау жұмыстары басталды. Тұрғын үйдің 4 қабатының қабырғаларына бетон құю жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар №6 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты «Тау Толағай» ЖШС өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының 2 қабатында сыныптарға парталар қойылып, оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

Автор:
Текелі қаласының Баспасөз хатшысы.