Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЖАСТАР КӨЗІМЕН


27 августа 2021, 07:47 | 1 456 просмотров



Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының және «Жас Отан» жастар қанатының қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» тақырыбында қала жастары арасында онлайн фотоконкурс байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында отансүйгіштікті қалыптастыру, жас фотосуретшілердің шеберлігін шыңдауға жағдай жасау және Тәуелсіздік жетістіктерін жастар көзімен суреттеу болып табылады.
Жарысқа төрешілік еткен Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Әбілмансұр Болатбеков: «Фотоконкурс байқауы жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тарапынан көптеген фотосуреттер жолданды, солардың ішінен ең үздік деп танылған қылғалам шеберлерінің жұмыстары іріктелді. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді айшықтай білген суретшілердің өнері мақтауға лайық», – деп баға берді.
Егемен еліміздің 30 жылда жеткен мерейлі белестерін қағаз бетіне түсіріп, өз ойларымен бөліскен жас суретшілер Алматы облысының жастар ресурстық орталығы тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды. Байқау нәтижесі бойынша Жеңісбеков Ерік 1орын, Сырлыбеков Мадияр 2 орын, Құдайберген Бекзат 3 орын иеленді.

Автор:
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ.